Үнемі ашық-шашық киімдерімен ел көзіне түсіп, камера алдында жалаңаштануға еш қымсынбайтын Луина өмірде ұяң екен, өзі ағасынан қатты қорқатын көрінеді.
Бұл туралы әнші «Ревю» бағдарламасында ағынан жарылды.
Жаңа бейнебаян түсіріп жатқан Луина камера алдында тағы шешініпті. Енді телефоным қашан шар ете түсер екен деп іші қыпылдап қорқып отыр. Әнші тек ағам звандамаса екен деп тілеуде.
«Ағам хабарласып қала ма деп қатты қорқамын. Ол мынаны көрсе: „Мынауың не? Қандай бейнебаян түсіргенсің? Қазаққа сай қылық жасасаңшы. Шамалы ұяң бол„ дер еді.
https://kaz.365info.kz/toj-kojlegin-tandauga-kirisken-luina-kimge-tyrmyskha-shykhpakh-268107
Үнемі солай дейді де өзі. Ал жалпы, мен табиғатымнан ұяңмын. Бұл менің сахнадағы образым, стилім», – деді Луина.