Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
5
USD
427
+0.13
EUR
497
+0.15
RUB
5.5
-0.03

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа сенаторларды қандай жұмыс күтіп тұрғанын айтты

Осы орайда Тоқаев әріптестеріне палатаның конституциялық өкілеттігін іске асыру бойынша бірлесіп атқарған нәтижелі қызметтері үшін ризашылығын білдірді.

«Тұтастай алғанда, еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінің жаңа кезеңіне бейімделген заңнамалық базаны жетілдіру бойынша тыңғылықты жұмыс жасалды. Алдымызда Елбасының экономикалық, технологиялық және рухани сананы түбегейлі жаңғырту жөніндегі стратегиялық міндетін орындаумен байланысты қауырт жұмыстар күтіп тұр.

Парламент қоржынында күзгі сессияда қаралатын 130-ға жуық заң жобасы бар. Осы ретте Президенттің әрқайсымызға жүктеген жауапкершілік салмағын терең сезіне отырып, халқымыздың игілігі жолында белсене жұмыс жасайтымызға кәміл сенемін»,-деп түйіндеді сөзін Сенатының төрағасы.

Айта кетейік, ҚР ОСК Сенат депутаттары сайлауының қорытындысын шығарды. Сайланған депутаттардың 7-еуін мәслихаттар ұсынса, 9-ы өзін-өзі ұсынғандар. ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың орташа жасы – 56,7. ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау қорытындысы бойынша сайланғандардың тізімі анықталды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз