Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қарағандыда әйел-таксистің өліміне қатысы бар жаңа күдіктілер ұсталды

“Тергеудің қылмысты бір адам жасады деген нұсқасына сенбеймін. Юлия кикбоксингпен айналысқан. Ол бір адам шабуылдаған болса, оңай жауап қайтара алар еді. Меніңше, үшеуі бірігіп өлтірген. Юлия қатты соққыға жығылып, басы кірпішпен жарылған. Полицейлермен бірге Федоровка жақтағы саяжай аумағында оның денесін құдықтан алып шыққан кезде, бетінде сау жер болмады. Юлия қатты соққыға жығылғанын айту үшін сарапшы болудың қажеті жоқ”, -дейді  өлтірілген Юлия Стонкустың әпкесі Кристина.

Естеріңізге сала кетсек, Қарағанды маңындағы Ақтас кентінде такси қызметінде жұмыс істеген әйел-жүргізушінің мәйіті табылды. 28 жастағы Юлия соңғы тапсырысын такси қызметінің диспетчерінен алған.

“27 қазан күні біздің такси қызметінің кеңсесіне бірнеше жігіт келді. Біреуі диспетчерлікке келіп, қалғандары далада күтіп тұрды. Шахтинск қаласына жеткізетін көлік сұрады. Тапсырысты орындау кезегі Юлия Стонкуста болатын. Ол жігіттерді “Мерседеске” отырғызып, жүріп кетті. Одан кейін біз оны көрмедік. Байланысқа шықпады. Ұялы телефоны байланыстан тыс болды”, – деді диспетчер.

Бір күннен кейін полиция қызметкерлері таксист әйелді өлтірген күдіктіні ұстады. Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров күдікті ретінде  35 жастағы  Шахтинск қаласының тұрғыны ұсталғанын хабарлады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз