Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
426
-0.24
EUR
496
+0.41
RUB
5.99
-0.01

Қарағанды облысындағы дүкенде киім-кешек тегін беріліп жатыр

Мұндай дүкенді құру идеясы бұрыннан бері «Доброволец» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Анна Полковниковада туындаған екен. Алайда бұл істі ол бастай алмаған – оған қажетті ғимарат та, жалға алуға қаражат та болмаған.

“Қазіргі таңда дүкенді ашу мүмкіндігі Саран қаласының жастар ресурс орталығы мен жергілікті кәсіпкерлер палатасының филиалының көмегінің арқасында пайда болды. Олар қала әкімшілігімен келісіп, бізге тегін түрде екі кішігірім бөлме бөлінді. Бізге бұл әзірге жеткілікті”, – дейді Анна.

“Доброволец” бірлестігінің қарауында 214 отбасы бар. Олардың кейбірі дүкенні алғашқы үш күн аралығында қажетті киімдерін алып үлгерген.

“Бүгін дүкен үшінші күн істеп жатыр. Кеше бізге төрт жанұя келді де, барлық отбасы мүшелеріне қажетті киім-кешектерін тегін алып кетті. Әрине, әзірге келушілердің барлығы тегін бөлімге барып жатыр. Алайда біз өзіміз де соған басымдылық танытып отырмыз, осылай боларын күткенбіз”, – дейді Анна.

Айта кету керек, дүкеннің жанынан қала тұрғындары берген киім-кешектерді қалыпқа келтіру үшін кір жуатын бөлме ашу жоспарланып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз