Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Қарағанды облысында Дүниежүзілік тазалық күніне орай 17 мыңнан астам адам экологиялық акцияға қатысты

Қатысушылар бірнеше топқа бөлініп, қоқысты бөлшектеп жинады: пластик, шыны және қайта өңдеуге жатпайтын қалдықтар. Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай тәжірибе жастардың тұрмыстық қалдықтарға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырады.

— Акция аясында рұқсатсыз қоқыс орындарын жою, саябақтар мен демалыс аймақтарын тазалау жүргізілуде. Қуантатыны, еріктілер қатары жылдан-жылға артып келеді. Бұл — экологиялық мәселелерді шешуге қоғамның шынайы бейілділігінің көрсеткіші, — деп атап өтті Қарағанды облысы Экология департаменті бөлімінің міндетін атқарушы Темірлан Төлеутай.

Университет басшылығының айтуынша, экологиялық тәрбие студенттермен жұмыстың ажырамас бөлігі.

— Біз әлеуметтік жұмыс факультетінде оқимыз, дегенмен экология мәселелері де біз үшін өзекті. Бүгін қала тұрғындарымен бірге сенбілікке қатысып, Қарағандыны таза әрі көрікті етуге үлес қостық, — дейді студент Жансая Қазбекова.

Тазалық күніне арналған сенбілік Қарқаралы ұлттық табиғи паркінде де өтті. Мұнда жастар орманды алқапты қоқыстан тазартты.

«Таза Қазақстан» акциясы мен Дүниежүзілік тазалық күні аясында өткен экологиялық шаралар бүгін Қарағанды облысының барлық өңірінде жалғасын табуда.

Экобастама қоғамдық аумақтарды тазартуға, рұқсатсыз қоқыс орындарын жоюға, сондай-ақ қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Тазалық жұмыстарына еріктілер, студенттер және түрлі ұйымдардың қызметкерлері белсене қатысты

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз