ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының мамандары аса ірі көлемде ақша жымқырды деген айыппен ҚР Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков ұсталды.
Бұл туралы ұлттық бюроның баспасөз қызметі хабарлады.
Энергетика вице-министрі Сәдібеков «Аймақ» ЖШС мердігер ұйымының басшысымен қылмыстық келісімде Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға бөлінген аса ірі көлемдегі бюджеттік қаражатты жымқырған деп айыпталуда.
Аталған қаражаттың 1 млрд. теңгесі қолма-қол алынған және жымқырылған. Ол қаражат тінту барысында табылып, тәркіленіп алынды.
Бұдан бөлек, 2018 жылға көлді тазартуға бөлінген 1,5 млрд ақша қаражатының жымқырылуы тоқтатылды. Сәдібеков, Нұрбеков, Дуанбек, Жұмалинов және Қадырберлин ұсталды.