Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

«Күні-түні…». Қазақ пен орыстың екі лесбиянкасы неше түрліні істепті (фото+видео)

586

Бұл туралы жазған Экспресс-К басылымының масқара мақаласын stan.kz қазақшаға аударып берді .

Әлеуметтанушы мамандар қазақстандық лесбиянкалар, бисексуалдар және квир-әйелдердің портретін жасады. Олар 19-60 жас аралығындағы балалары мен жоғарғы білімі бар әйелдер екен. Бір жынысты махаббатты қолдайтын әйелдер Алматы мен Астана қалаларында тұрып жатыр екен. Дәл осындай жұптардың бірі Қана мен Лена өздерінің ерекше махаббаттары туралы айтып берді.

“Бір оқиғаны мысалға келтіргім келіп отыр. Бір қыз құрбысына көмектесу үшін оның бір жынысты махаббатты қолдайтынын оның ата-анасына айтып берген. Осыдан кейін лесбиянка қыздың ата-анасы оны қамап ұстап, бақсыға қаратқан. Түсінгенімше, сол жерде қызды қатты ұрған. Себебі, қызды қатты психологиялық соққы алып қалғаны байқалады. Оны күштеп ұстаған екен. Бұдан кейін полицияға қатысты үлкен проблеманы анықтадық. Полиция қызметкерлері лесбиянка қыздарды зорлап, жағымсыз сөздер айтады екен”, – дейді Жанар Секербаева.

Қазақстанда гейлер мен лесбиянкалардың санына қатысты статистикалық мәліметтер жоқ. Бірақ, ресми емес деректерге сүйенсек, халқымыздың 10 пайызы лесбиянкалар екен. Қана және Лена есімді жұп өздерінің ерекше махаббаттары туралы айтып берді.

“Маусымның екісі күні бірге болғанымызға 2 жыл толады. Ара-қатынасымызды халықтан жасырудың еш қажеті жоқ. Бастапқыда отбасыма айтпаған едім, қазір шындықты біледі. Бізді түсініп, қолдау білдіретін достарымыз да бар. Өзім АДК сауда орталығында жұмыс істеймін. Ленамен қарым-қатынасыма бастығым еш қарсы емес. Айта кететіні, Ленаның үш жасар ұлы бар. Жуырда соны жанымызға алдырамыз”, – дейді Қана.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз