Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

«Қайтшы үйіңе, қазақ қызы…»

332

«Жасы елудің шамасындағы қазақ әйелінің дауысы бөлді:

– «Қыздар, қыздар бар, арзан. Жігітім, группа поддержки керек емес пе?», деп суырылып ала жөнелді.

Әуелде түсінбей: «Қандай группа?» деген сұрақпен бетіне бажырайып қарап қалдым.

Апайым жымиып менің жауабымды тосып тұр екен. Бетіне ұзақ қарап алып, өз бетіммен жүріп кеттім. Бас шаһарға кіріп келгенде алғаш ұсынатын «тауары» қазақ қызының абыройы болған Астанадан көңілім суып сала берді.

Қайтарымда сол жолда: «Жігіттер, қыз бар. Арзандауы да бар», деп жариялап тұрған қазақ жігітін көргенде намыстан жарылып кеттім.

Елорданың паспорты вокзалдан басталады емес пе?!

Паспортының суреті мына көрініс болса, қалғанының күйсегенін де көргім келмеді.

Бизнестері дамып, клиенттері күннен-күнге көбейіп, өздерінің арасында бәсекелестік пайда болған секілді. Жазда келгенімде аздау еді, күзде көбейіпті. Анадай жерден «тірі тауарлар да» көрінді. Әдетте іздейтін бұрым шашты бұл жолы іздемедім. Көк түтінге тұншығып, бір жапырақ көйлектерімен алданыш күлкіні мәнсап қылған қаракөз қыздарды көргенімде, өсіп келе жатқан қарындастарымыздың өмірнің жалғасы өте қорқынышты екенін түсіндім.

Түр дейтін түрлері де қалмапты. Шамасы, шайтанға ұқсап барады.

Бұдан әрісін тамашалауға уақытым да болмады. Шынымды айтсам, Алматыдағы Сайын көшесінің көрінісі әнші Күләш атындағы театрдың маңында қайталанғанына ішім удай ашыды», деп жазыпты.

Қазақтың қызына дейін тауар болды. Кім кінәлі?

Бұған кім кінәлі деген сұраққа жауап іздеп, сан-саққа жүгіресің. Болашақ аналардың тән сатып жүргені — құмарлықтың артуынан дегенге аузым бармас. Оңай жолмен ақша табуды көздейді дегенмен де келіспеймін. Бұл қыздардың таза өмірге қайтып келетініне ешкім кепілдік берген емес. Мұның бәрі — шынайы дүние.

Жанары тұнып тұрған, отау құрса, киелі бесіктің басын тербетіп, ақ жаулық тағар қаракөз қыздарымыз енді осылай жолда сұрауы жоқ төсеніш болып жүр.

«Қайтшы, қазақ қызы, үйіңе! Сен бір қолыңмен бесікті, бір қолыңмен әлемді тербететін құдіреттің иесісің ғой! Қасиетіңнен айырылма, саған ер-азаматқа ақылшы, сәбиінің анасы, елдің берекесі болу ғана жарасады!»,

– деп ақылға шақырғым келеді.

Бірақ… Сол баяғы бірақ… қой.

Аян Мырзабек

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз