Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Қайраттың киносындағы шындық…”. Зорланған қыздың мамандығы мұғалім, неге?

277

Дегенмен, бұған баға берген, сын-пікір жазған қауым фильмнің қандай әлеуметтік мәселелерді су бетіне алып шыққанын айтыпты. 

Айталық, саясаткер Мұхтар Тайжан “Арманның” (фильмнің атауы) астарынан қазіргі Қазақстандағы ұрлық пен параға, өтірік пен жасандылыққа батқан қоғам бейнесін аңғарған.

Үсенов сияқты мажорлар…

 Фильмді тамашалаған Тайжан былай депті: 

“Ауыр фильм, әрине. Жемқор жүйенің қарапайым адамдарға жаман тиіп жатқанын жақсы көрсетті. Мұндай фильмдер жай өнер емес, меніңше.

Бұл деген жас буынның үлкендерге ашық наразылығы, тіпті, айыптауы деп түсінемін.

Ұрлық пен параға, өтірік пен жасандылыққа батып кеткен қоғам өз ұрпағына қандай қоғам қалдырып жатыр?

Бұл фильм осындай өткір сұрақты ашық қойған.

Халықтың болашағын жеп болған ұрылар өз жазасын өзінің мажор-балаларынан көреді, ол Алланың жазасы деп, білдім.  Фильмде мажорлар түгел өлді, өз обалы өздеріне, әрине.

Ал адал жолмен жүретін жастар мажориктерді түбі бәрібір жеңді, себебі, адал жастардың рухтары биік, сенімдері шынайы және мұндай жастарды халықтың өзі шын жүректен қолдап отыр.

Фильмнің бас рөлінде ойнайтын қыз үлкен бір туысына мынандай айыптауын ашық айтты:

– Бұған сіздер кінәлісіздер.

– Неге біздер? Түгел халық сондай.

– Жоқ. Халық ондай емес. Сіздердің қоғамыңыз, ел, мемлекетіңіз кінәлі. Сіздердің кесіріңізден мені зорлап кетті. Сіздер мұндайларға жол беріп жатсыздар.

Ауыр фильм әрине. Бірақ бүгінгі өмірімізді қалай бар, солай көрсетті.

Шын ғой, мажорлар, анау Үсенов сияқты жемқор жүйенің жемісі.

Фильмнің бір ғана жақсы қорытындысы бар: халықтың болашағын жеп болған ұрылар өздеріннің алқаш-нашақор балалары арқылы жазасын толығымен алды. Өмірде де солай, көріп отырмыз ғой. Өйткені халықтың кері батасымен қарғысы жай өтіп кетпейді”.

 

Иә, Тайжан сөй депті. Тап басқан. Дөп аңғарған. Үсенов сияқтылар шынымен кім? Олар қазіргі жемқор жүйенің жемісі. Өнімі. Үсенов әсте жалғыз емес. Үсенов сияқтылар өріп жүр біздің қоғамда. Еліргендер, есіргендер…

Оларға ел керек деп ойлайсыз ба? Оларға ештеңе керек емес. Олар ештеңе туралы ойламайтын буын. Иә, буын. Айттық қой, Үсенов жалғыз емес. 

 

Неге мұғалім? 

Картинки по запросу мұғалім

Ал фильмді тамашалаған “Жас Алаш” газетінің тілшісі бұған басқа қырынан қарапты. Әрине, әлеуметтік мәнінен алыстап кетпеген. Бірақ, осы күнге дейінгі біздің де, сіздің де ойымызға келмеген батыл пікір білдіруге бел буыпты. Ол не дейді?   

“Фильм Құрман (Қайрат Нұртас) мен мұғалім Арманның (Жұлдыз Әбдікәрімова) үйлену тойы алдында кездейсоқ бұзақыларға кезігіп, оның соңы, Арманның зорлыққа ұшырауынан басталады. Енді осының астарына үңіліп көрейік.

Неге мұғалім? Неге дәрігер, сатушы немесе басқа сала маманы емес? Неге зорланған қыздың мамандығы мұғалім?

Дұрыс айтасыз. Бұл күнде мұғалімді зорламаған, мұғалімді қорламаған дөкей қалды ма? «Үш жүздің баласының басы қосылса, төрдегі орын мұғалімдікі» деп, Мағжан ақын құрметтеп бағалаған мұғалімдердің бұл күндегі орны төрде емес, тіпті босағада да емес. Үлкенді-кішілі шенді-шекпендінің, әкімдердің көлігін күзетіп далада жүреді.

Сонда мұғалім беделінің осыншама төмендеуіне кім кінәлі? Өздері! Соған жол берген өздері. Басқа ешкім емес.

Ауызбіршіліктері жоқ. Әркім өз басымен әуре. Ұйымдасып талап қоя алмайды. Бірін-бірі қорғай алмайды. Осы жағдай фильмде тамаша берілген. Мұғалімдер зорланған әріптесін қорғауы керек еді, қолдауы керек еді. Жоқ. Жауырды жаба тоқитын әдеттерімен жұмыстан уақытша шеттетіп, барлығы теріс айналды. Ертеңгі күні дәл осындай зорлық өз бастарына келеді-ау деген ой болсашы, шіркіндердің.

Ұлтты тәрбиелейтін мамандардың өздері осындай күйге түскенде басқалардан бірдеңе күтудің өзі артық-ау.

«Мұның бәріне қоғам, сіздер кінәлісіздер» дейді жәбір көрген кейіпкер қыз. Тура бізге айтылған сөз. Алып қосарымыз жоқ. Бәріміз кінәліміз” деп, түйіндепті сөзін басылым тілшісі. 

P.S. Елдің пікірін білдік. Ендігі мәселе Қайраттың ойын сұрау? “Арманның” продюсері әншінің өзі. Фильмді түсіре отыра Қайрат нені айтқысы келді, нені көрсеткісі келді? Жоғарыда авторлар айтқан мәселелер әншінің ойына кіріп шықты ма? Қалай ойлайсыздар? 

 

Мақала ВК-дағы “Атамның басы-ай” тобында талқылануда 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз