Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қайрат Нұртастың анасы саябақта қыдырып жүрген балалардың «аузына түкіріп» берді

1738
Сурет әлеуметтік желіден алынды

Саябақта отбасымен қадырып жүрген адамдардың көбі танымал әншінің анасымен суретке түскісі келген. Айдарбекова халықтың оны сағынғанын айтып, қуанышын жасырмады.

«Таза ауаға қыдыртып қайтайық деп кешкі астан соң серуендеп қайттық. Халықты мен сағындым ба десем, мені де халық сағынып қалған сияқты, –

 деп жазды Айдарбекова ханым.

Алайда кейбір адамдарға танымал продюсермен суретке түсу аздық еткен болса керек. Кейбір ата-аналар Қайрат Нұртастың анасынан балаларының аузына түкіріп беруін өтінген.

Бүгін ғана инстаграммаңыздан бір келіншектің бөпесіне түкіргеніңізді көріп, қалай тапсам болады деп армандап қалып едім, тура алдымнан шықтыңыз деп, бір келіншектің бастағаны сол екен, түкіртетіндер көбейіп кетті. Жұртпен суретке түсіп, сағынышымды басып, балаша мәз болып қайттым», –

деген продюсер оқырмандарына бақытты күндеріміз көп болсын, аман болайық деп тілек білдірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз