Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қайрат Нұртас Елбасы жайлы жазба жариялады

566

“Адам өтірік күлуі мүмкін, бірақ өтірік жылау өте қиын. Көз жасындай таза, көз жасындай мөлдір не бар мына ғаламда?! Оның таза болатыны да сол сағыныш, қимастық пен естеліктерден бастау алуында шығар. Мен әйел емес ер адамның және екінің бірі емес тұңғыш Елбасымыздың көз жасы туралы айтқым келіп отыр”, – дейді әнші.

View this post on Instagram

Адам өтірік күлуі мүмкін, бірақ өтірік жылау өте қиын. Көз жасындай таза, көз жасындай мөлдір не бар мына ғаламда?! Оның таза болатыны да сол сағыныш, қимастық пен естеліктерден бастау алуында шығар. Мен әйел емес ер адамның және екінің бірі емес тұңғыш Елбасымыздың көз жасы туралы айтқым келіп отыр. Кейбіреулер үлкен кісі көңілшек деп ойлауы да мүмкін, мен бірақ мүлде олай ойламаймын. Әнші болған соң түрлі ортада, қаншама сахнада жүреміз. Миллиондардың қолының шапалағын ғана емес жүрек лүпілін де сезініп тұрамыз, қандай қашықтықта тұрсаң да ол саған сезіледі. Сондай үлкен концерттің бірінде Бекболат Тілеухан ағамыздың әніне жазылған Елім менің" әнін бірнеше адам болып орындадық. Сонда " Бабамның қаны, анамның жасы оуу" деген жерін мен орындап жатып кенет Елбасына көзім түсіп кетті. Мен "анамның жасы" деген жерде қарашығын толқытып, мөлдіреп тұрған ағамның жасын көрдім. Өзімнің де көмейіме өксік тығылып, барынша білдірмей, әнді жалғастырып кете бердім. Бұл екі қатар неге ол кісінің екі көзін жасқа толтырды деп көп ойландым. Шынында мынау даламызда бабамыздың қаны мен анамыздың жасы тамбаған жер кемде-кем шығар. Солардың қаны мен жасының өтеуіндей осы тәуелсіз мемлекетті құрып, соның төрінде сол бақытты ұрпақтың шаттық әні адамды толқытпай тұра ала ма?! Бәлкім біз білмейтін, біз сезіне алмайтын қаншама оқиғалар ол кісінің жанарының жағалауын соққылап жатқан шығар. Көздің жасы я қуанда, я қуанғанда шығады ғой. Бұл лайым қуаныштың, шүкірліктің жасы болғай!

A post shared by Кайрат Нуртас (@kair_n) on

Қайрат Нұртас түрлі сахнада жүріп, миллиондардың қолының шапалағын ғана емес жүрек лүпілін де сезініп, қандай қашықтықта тұрсаң да ол саған сезіледі дейді.

“Сондай үлкен концерттің бірінде Бекболат Тілеухан ағамыздың әніне жазылған “Елім менің” әнін бірнеше адам болып орындадық. Сонда “Бабамның қаны, анамның жасы оуу” деген жерін мен орындап жатып кенет Елбасына көзім түсіп кетті. Мен “анамның жасы” деген жерде қарашығын толқытып, мөлдіреп тұрған ағамның жасын көрдім. Өзімнің де көмейіме өксік тығылып, барынша білдірмей, әнді жалғастырып кете бердім. Бұл екі қатар неге ол кісінің екі көзін жасқа толтырды деп көп ойландым”, – дейді әнші.

Әнші бабамыздың қаны мен анамыздың жасы тамбаған жер кемде-кем, қаны мен жасының өтеуіндей осы тәуелсіз мемлекетті құрып, соның төрінде сол бақытты ұрпақтың шаттық әні адамды толқыта түскенін атап өтті.

“Бәлкім біз білмейтін, біз сезіне алмайтын қаншама оқиғалар ол кісінің жанарының жағалауын соққылап жатқан шығар. Көздің жасы я қуанда, я қуанғанда шығады ғой. Бұл лайым қуаныштың, шүкірліктің жасы болғай!”, – дейді әнші.

Айта кетейік, биыл 23 сәуірде Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезінде Бекболат Тілеухан, Алтынай Жорабаева, Қайрат Нұртас, Мөлдір Әуелбекова секілді эстрада жұлдыздары өнер көрсеткен. Қайрат Нұртас 2015 жылдан бері партия мүшесі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз