Күні кеше Тұрым Алагөзов Бақытбек Есентаевтың сот алдында жылап, өкінгенін түсінгені жайлы жазба жазған еді. Бұл жазба Есентаевтың қарындасына да жетіп, оған айтар жауабы да бар екен.
Сот залында болып, болған істі өз көзімен көрмей жатып мұндай жазба жазған Тұрым Алагөзовке Есентаевтар әулетінің реніші бар екен. Ренішін Нағима Есентаева өзінің инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жариялады.
“Өмірлік тәжірибесі бар ақсақалдың ойланбай айтқан сөзі ағамның ғана емес, барша туыстарымыздың намысына тиді. Сондықтан да үлкен Алагөзовтің айтқанына жауап беруім керек деп шештім”, – деп бастады сөзін Нағима Есентаева.
Ағасының кінәсін ғана емес, Нағима Баянның күнәдан таза емес екендігінің де астын сызып өтті жазбасында.
“Бұл кісі жөнсіз айтылған сөзі арқылы ағамның жүрегіне жара салдым деп ойламай ма екен?
Ақ шашты ақсақал Тұрым Алагөзов ұлының Есентаевтар отбасына қайғы алып келгенін түсінбей ме екен?
Әйелі опасыздық жасағандықтан және ол өзін-өзі ұстай алмағандықтан басымызға бұлт үйірілді. Бір сәтте отбасы ойран болды, екі қыз әке қамқорлығынан айырылды, ал Бақытбектің өзі ұзақ жылдарға қамалды.
Ендігі сұрақ: үлкен Алагөзовтің адамға деген мейірбандығы, түсіністігі қайда қалды? Жылы пәтерде, ештеңе ойламай отырған Тұрым Алагөзовке ақ-қараны ажырату оңай секілді. Әлде: “Жеңімпаздарды айыптамайды?” деген ұстанымда өмір сүре ме? Егер Баян сұлуға қолы жеткен Тұрсынғалиды жеңімпаз деп есептесе, өзі білсін.
Уақыт – бәріне төреші. Бізге тек күту қалды. Өмірдің бұл сынағын артта қалдырып, ағам жеңімпаз болмаса да, жеңіліс таппайды деп сенемін”, – деп жалғады сөзін ол.
“Сот залында болмағандықтан айтқанының бәрі негізсіз”,- дейді Нағима
https://kaz.365info.kz/800-gektar-zher-yshin-bayan-alagozovanyn-bayan-syludy-khalaj-tandap-algany-belgili-boldy-296854
“Оның бұлай деуге тек моралдық емес, заңдық тұрғыдан да құқығы жоқ еді. Себебі сот процессі жабық режімде өтті (менің ағам өз әйелін зорлады және зорлық әрекеттерін қолданды деп күдікке ілінген еді, бірақ сот залында ақталды). Сондай-ақ, Тұрым Алагөзов сотқа қатысқан жоқ, сондықтан да ол бұл фактілерден хабарсыз.
Жабық режімде өткендіктен, екі тарапқа белгілі болған жағдайлар еш жерде талқыланбауы тиіс еді, оның ішінде Алагөзов Тұрыммен де.
Ақсақал мұны әдейілеп істемеді және кеш те болса кешірім сұрайды деп үміттенемін”, – деп түйіндеді сөзін ол.