Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Қайдағы шаруа?..”. Депутат Үкімет бөлген арзан несиені шынында кімдер алатынын айтты

Екатерина Никитинская

Аты айтып тұрғандай, халықаралық болған соң бұл қаржы орталығы халықаралық стандарттарға сай болып, тәртіпті сақтап, ел экономикасын несиелендіру ісі де оңалар еді.

Осындай ұсыныспен Үкімет басшысына шыққан депутат коммерциялық банктердің біраз былығының бетін ашты.

„Есеп комитетінің 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына берген бағасын қараңыз, суудалық қоржынның сапасы түк жақсармаған, ал 90 күннен кешіктірілген несие көлемі 10,7 проценттен асады. Бұл келеңсіздік ел экономикасын несиелендіру деңгейінің төмендеп кеткеніне қарамастан орын алып отыр.

Парадокс па, парадокс.

https://kaz.365info.kz/olar-bylaj-zhasajdy-ylttykh-banktin-eks-khyzmetkeri-bankterdin-bylygyn-ashty-267188

Тек аз қамтылған бір реттік және қымбат несиелер қайтарымы бойынша оң бағаға ие. Жыл басынан бері мұндай несие түрлерінің төлемінің кешіктірілуі 0,5 процентке қысқарған, керісінше проблемалық корпоративтік заемдар 4 процентке өскен„ – деді депутат.

Ұлттық банктің өзі мойындап отыр ғой…

Мәселені тереңнен қаузаған Никитинская Ұлттық банктің цифрларын да сөйлетуді ұмытпады.

„Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың өзі айтып, мойындап отыр ғой. Біздің кейбір банктер акцинонерлерімен жанама байланысы бар кәсіпорындарды жеңілдетілген несиемен қаржыландырған. Тура осындай несиелердің қайтарылуы, негізінен екіталай екен.

Осыдан-ақ белгілі ғой. Банктер өздерін көрсетті.

Олар ел экономикасын несиелендіруге дайын да, қабілетті де емес. Ендеше неменеге оларға қайта-қайта ақша ұстата береміз? Айтыңызшы соны?..

Қарап отырсаңыз, банктердің ақша өтімділігін арттыру үшін республикалық бюджеттен, Ұлттық қордан және халықаралық валюта қорынан қаржыландырылу моделінің өзі де біртүрлі. Ол жерде де қарама-қайшылық өте көп.

https://kaz.365info.kz/kharyz-keshirilip-kelisimshart-zhojylady-maman-bankterdin-neni-zhasyratynyn-ajtty-265099

Мысалы, мемлекет банктерге ақша береді, одан кейін сол өз ақшасын қайтадан несиеге алады, оның үстіне ол ел экономикасын қаржыландыруға кетпейді.

Мұны қалай түсінуге болады?„ деп салды депутат.

Бизнесті банк емес, басқасы қаржыландырсын…

Оның пікірінше, осының бәрі теріс қаржы көрсеткіштерін өсіріп, нақты қосымша құнды айқындамай, осының бәрі баға көпіршігіне әкеп соғады, салдарынан инфляция күшейеді, ұлттық валюта бағамы тұрақсыздыққа ұшырайды.

“Мәселені көріп тұрмыз. Салдары жаңа айтқандай, жағдай өте қиын. Бұл Ұлттық банктің монетарлық және макроэкономикалық саясаттының тиімділігіне де көп күмән келтіреді. Әрине, бұл мәселе шешімінің басқа да тетіктері бар.

Банктен басқа. Түк пайдасы жоқ оларға неменеге жабыса береміз? Мысалы, Астанада ашылғалы жатқан халықаралық қаржы орталығы бар. Ол алдыңғы қатарлы ақпараттық технологиялардың көмегі арқылы бизнесті банктен тыс қаржыландыру қызметін ұсына алады.

Өз кезегінде мұндай жаңаша қызметті тұтыну еліміздегі банкке және несие саясатына қатысты кешенді өзгерістер енгізуді талап етеді. Осыған байланысты өзіңізден мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік институттарға Халықаралық қаржы орталығын пайдалана отырып, бизнесті қаржыландырудың қорландыру тетігін құруға бұйрық беруіңізді сұраймын„ деген Үкімет басына жолдаған депутаттық сауалында Екатерина Никитинская.

https://kaz.365info.kz/parlament-pen-deputattardan-pajda-zhokh-bizdi-khogamdykh-kenester-khytkharady-sarapshy-252416

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз