Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
15
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Қадыров Немцовқа қатысты шыққан үкімді “ақылға қонбайды” деп есептейді

Қадыров Ресейде шешен, кавказдықтардың өліміне қатысты істер еленбей қалатынын атап өткен. Оның пікірінше, республикаға қатысты “ақпараттық соғыс” жүріп жатыр.

Борис Немцов 2015 жылдың 27 ақпанында Кремль жанындағы көпір үстінде атып өлтірілді.

Мәскеудің округтік әскери соты бейсенбіде Шешенстан ішкі істер министрлігі “Север” батальонының бұрынғы сарбазы Заур Дадаевты оппозициялық саясаткер Борис Немцовтің өліміне кінәлі деп айыптап, 20 жылға соттады. Дадаевпен бірге айыпты деп танылған Тамерлан Эскерханов 14 жылға, Анзор Губашев 19, Шадид Губашев 16, Хамзат Бахаев 11 жылға сотталды.

Немцов отбасының адвокаттары оппозиционердің өлімі “толық ашылмады” деп санайды. Олар Немцовтың өліміне Рамзан Қадыровтың тікелей қатысы бар деп есептейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз