Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-1
USD
488
0.00
EUR
533
0.00
RUB
5.09
0.00

Қабырға артындағы соғыс: Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы қақтығыстың соңы неге әкелуі мүмкін?

234
Фото: turmush.kg

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болып, тәжік сарбазы қаза тапты, жараланғандар бар. Бұл осы шекарадағы алғашқы қарулы қақтығыс емес. 2022 жылдың қаңтар айының соңында да екі елдің шекарашылары арасында атыс болды. Ол кезде Тәжікстан тарапынан екі адам қаза тауып, алты әскери адам жарақат алды. Қырғызстан тарапынан сегіз адам жарақат алды. Осыдан кейін тараптар атысты толығымен тоқтату және шекараға тартылған қосымша күштер мен құралдарды алып тастау туралы келіскен болатын. Бірақ тыныштық ұзаққа бармады…

Жер-су мәселесі

Тарихшы Асылбек Бисенбаев осы екі елдің шекарасындағы қақтығыстың ушығуы бүкіл Орталық Азия өңірі үшін, соның ішінде Қазақстан үшін қандай қауіп-қатерлерге алып келуі мүмкін екенін айтты. Бірақ, ең алдымен, мерзімді шиеленістердің себептерін түсіну керек. Және олар тарихи түрде дамыды…

— Бұл жерде анклавтар саны – бір мемлекеттің аумағының ішінде басқа мемлекет аумағының орналасқан бөліктері жеткілікті. Олар шекара белгілеу кезінде пайда болды. Мысалы, 35 мың халқы бар ең ірі тәжік анклавы Ворух қырғыз елді мекендерімен қоршалған.

Сонымен қатар

Революцияға дейін Ферғана алқабы бір үкімет басқаратын біртұтас аумақ болды және барлық мәселелері шешілетін. Кеңес одағы кезінде де теңгерім болды. Одақ құлаған кезде бұл аумақ тәжіктер мен қырғыздарға бөлініп берілді, бірақ шекара белгіленуі тиіс жерлерде даулар әлі де бітпеген

Жер-су даулары тұрақты құбылысқа айналды. Елестетіп көріңізші: ол жерде арық ағып жатыр, оны тәжіктер де, қырғыздар да қолданады. Ал қырғыздар суды жауып тастайды, нәтижесінде анклав халқы зардап шегеді. Сонымен қатар, кезекті шиеленіс кезінде Қырғызстан анклавтан тәжік тұрғындардың кетуіне мүмкіндік бермейді.

Келісе алмайды

– Орталық Азия елдерінің жемқор екенін ұмытпауымыз керек. Тәжіктер қырғыз шекарасынан өткенде, оларға қысым көрсетіп, ақша талап ететін кездер де жиі болып тұрады. Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан арасындағы шекара өте шиеленісті. Кейде А пунктінен В пунктіне өту үшін басқа елдің аумағы арқылы екі немесе үш рет өтуге тура келеді.

Мал жайылымымен де қиындықтар көп: шекара арқылы өтіп кеткен маларды біреуі қайтаруы тиіс қой. Осындайда Кәрімовтің кезіндегі жағдай еске түседі. Ол кезде шекараны бойлай мина қойылып, қарапайым адамдардың қазасына әкелген кездер болған,

— деді ол.

Бисенбаев көңіл көншітпейтін болжамдар айтуда: осы елдердің үкіметтері шекара арқылы еркін өтуді жолға қоймайынша шекарадағы қақтығыстар жалғаса береді. Ол үшін қосымша келісімдерге қол қою керек.

Асылбек БисенбаевАсылбек Бисенбаев. Фото: inform.kz

– Қазір бұл елдер ауыр келіссөздер процесінің алдында тұр. Шекараларды анықтау мәселелерінде олар әртүрлі дәлелдерді қолданады.

Егер тарихқа үңілсек, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында, атап айтқанда, 1924 жылы Ұлттық-мемлекеттік межелеу өткенін көреміз. Ол бойынша Тәжік, Қырғыз және Өзбек автономиялары құрылған. Бірақ олардың шекаралары үнемі өзгеріп отырды, соның ішінде 50-жылдардың соңында да

Бүгінгі таңда қақтығыстардың соңы мен шеті жоқ. Бір нәрсе анық: оларды дереу тоқтату керек. Себебі Тәжікстан мен Қырғызстан арасында соғыс басталса, Өзбекстан да оған автоматты түрде қосылады. Өйткені, онда да көптеген қиындық тудыратын мәселелер жеткілікті — Өзбекстанда да анклавтар бар. Сондықтан бұл ауқымды шиеленіс болады”, — деп болжайды тарихшы.

Қазақстанға төнетін қауіптер

Оның айтуынша, Қазақстан үшін бұл жағдайда басты қауіп оның ҰҚШҰ құрамында болуы болып табылады. Және мемлекеттердің бірінің пайдасына қандай да бір шешім қабылдауы тиіс болады. Өйткені Қырғызстан да, Тәжікстан да ҰҚШҰ мүшелері.

– Салыстыра кетейік, қазір Украинада арнайы әскери операция жүріп жатыр. Оған ҰҚШҰ мүшелері болып табылатын Ресей мен Беларусь қатысуда. Қазақстан түрлі себептермен олардың қайсыбірін қолдаудан бас тартты.

Бірақ егер толық ауқымды әскери қақтығыс дәл Орталық Азияда орын алса, шетте қала алмаймыз. Және кімнің жағына шығу керектігін таңдау керек болады

Бүгінгі күні бәрі жақсы түсінеді, егер әскери қақтығыс Ферғана алқабында басталса, нәтижесінде бұл үлкен соғысқа әкеледі.

Бірақ мұны ешкім қаламайды, өйткені бұл соғыстың салдары түсініксіз. Оның ішінде  демократиялық емес режимдер үшін де

Қазір бәрін толғандырып отырған тағы бір мәселе – Талибан Үкіметі (ҚР-да ұйымға тыйым салынған). Талибан шекарадан өтпейтіндерін және Орталық Азияның басқа елдерінің істеріне араласпайтындарын мәлімдегенімен, қақтығыс Ауғанстан аумағына да өтуі мүмкін.

Себебі, біріншіден, ол тым жақын орналасқан, екіншіден, Ауғанстанның солтүстігіндегі негізгі халық – өзбектер мен тәжіктер. Онда қазақтар мен қырғыздардың да аздаған бөлігі тұрады.

Талибтерге келетін болсақ, олар біртекті емес, онда әртүрлі топтар мен кландар бар. Оның ішінде этникалық дала командирлері — тәжіктер мен өзбектер, олар нағыз батыл жауынгерлер. Әр түрлі жағдайлар мен идеологиялардың күшімен олар біздің ішкі жанжалға өз этностарын жақтап қатыса алады. Ал бұл Қазақстан аумағына радикалды діни ағымдардың енуіне әкеледі, – деп қорытындылады Асылбек Бисенбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз