Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-2
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Кәсіпкерлер үшін жеңіл режим сақталатын болды

Нәтижесінде тыйым салынған қызмет түрлерінің саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес 44-ке дейін қысқарды. Бұл ондаған мың кәсіпкерге оңайлатылған салық режимін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Палатаның баспасөз қызметі хабарлағандай, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап микро және шағын бизнес үшін «таза парақтан» салықтық әкімшілендіру тәсілі енеді. Бұл тәсіл салықтық тексерулер мен камералдық бақылауды толық жоюды, мәмілелер мен тіркеулерді жарамсыз деп тану істерін алып тастауды, сондай-ақ негізгі қарызды 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін өтеген жағдайда өсімпұл мен айыппұлдарды есептен шығаруды көздейді.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәлімдеуінше, бұл өзгерістер – мемлекеттің бизнес үніне құлақ асуға дайын екенін және реформалардың кәсіпкерлер мүддесін ескере отырып жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз