Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ірі көлемде парамен ұсталған лауазымды қызметкер түрмеден босап шығуы мүмкін

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

«Қазавтожол» ұлттық компаниясының филиал директоры осы жылдың 23 ақпанында пара алу сәтінде ұсталған. Тергеу материалдарына сүйенсек, Асқар Жанкин Петропавл-Жезқазған тас жолының жөндеуі кезінде атқарылмаған жұмыстарды жасырып, қол қойып беріпті. Мұндай «қамқорлығын» ол 2 миллион теңгеге бағалаған.

“Жанкин «К-Дорстрой» компаниясына Жезқазған-Петропавл тас жолының 948 шақырымында жүк түсіру, тиеуге арналған құрылысты, демалыс алаңындағы орындықтарды, сондай-ақ «Лана» дәмханасынан бастап «Оңтүстік» бақылау бекетіне дейін жол жиегіне қоршауды орнатпай-ақ қою үшін осы ақшаны сұрады”, – дейді мемлекеттік айыптаушы Рауан Бостанов.

Өзінің қызметтік дәрежесін пайдаланып «К-Дорстрой» компаниясынан ақша талап еткенін күдікті өзі де мойындады. Компания басшысының орынбасары Серік Рамазанов қарамағындағы қызметкері Александр Луценкоға заңсыз ақшаны апаруды бұйырған. Ол параны Асқар Жанкиннің қолына табыстаған кезде қамауға алынды.

“Мен өз кінәмді мойындаймын. Маған тағылған айыптармен келісемін”, – деді «Қазавтожол» АҚ СҚО филиалының экс-басшысы Асқар Жанкин.

Енді сот ісі қысқартылған тәртіппен өтеді. Сәйкесінше, сот залында куәгерлерден жауап алынбайды. Тіпті, сот рұқсат етсе бюджетке келтірген шығынды өтеп, жақын арада бостандыққа шығуы мүмкін.

“Жанкинге 60 есе көлеміндегі айыппұл ретінде жаза кесулеріңізді сұраймыз. Райхан Бергенова өз шотынан 40 миллион теңге төлейді және Жанкиннің туыстары сот шешімі шыққан соң 12 күн ішінде қалған 80 миллион теңгені салық органының есеп шотына аударуға дайын”, – деді Жанкиннің қорғаушысы Дулат Өміралин.

Асқар Жанкинге судья айыппұл төлеуге келісім берсе, ол 120 миллион теңге мемлекетке қайтарып немесе нақты жазамен абақтыға қамалуы мүмкін. Еске сала кетсек, бұған дейін Жанкинге пара берген Серік Рамазанов 60 миллион теңге айыппұл төлеп, тергеу изоляторынан босап шықты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз