Жүрек-қан тамырлары хирургиясы ұлттық орталығы директорының орынбасары Юрий Бузиашвили инфаркттің алдын алуға көмектесетін төрт негізгі кеңес ұсынды.
Маманның айтуынша, инфаркттің негізгі себебі – жүректің ишемиялық ауруы. Оның алдын алу үшін тамақтануда майлы тағамды шектеп, көкөніс, балық және жасұныққа бай өнімдерді жиі тұтыну керек. Екіншіден, күнделікті 30 минуттық серуен сияқты қарапайым дене белсенділігі жүрекке пайдалы. Үшіншіден, 40 жастан кейін қан қысымы, холестерин және қандағы қант деңгейін үнемі бақылап отыру қажет. Төртінші ереже – темекіден толықтай бас тарту, себебі шылым шегу қан тамырларына ең көп зиян келтіреді.