Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Халықтың әлеуметтік жағ­дайын, тұрмыс сапасын жақсарту ешқашан күн тәртібінен түспейді — Тоқаев

912

yunews.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әлеуметтік жағдайын, тұрмыс сапасын жақсарту барысында басты назарды адами капиталды дамытуға салу қажет екенін айтты.

“Мысалы, көпбалалы аналар­дың жағдайы жалпы әлеуметтік саланың барометрі болып табы­ла­ды. Дені сау анадан дені сау ұрпақ туады. Сапалы медициналық кө­мек, лайықты білім алған баладан отаншыл, мықты азамат шығады. Яғни, адами капиталды дамыту аналардың әлеуметтік жағдайын жақсартумен тікелей байланысты” – деді Тоқаев.

Президент алдағы уақытта әлеуметтік салаға 2 триллион теңгеден астам қаржы жұмсалатынын атап өтті. Ал аз қамтылған көпбалалы отба­сыларды баспанамен қамтамасыз ету үшін «Нұрлы жер» бағдарла­ма­сы аясында 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салынады. Мемлекет басшысы баспана құрылысының жүргізілу барысын өңірлерге жасаған сапарларында жіті қадаға­лай­тынын айтты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы еңбекақыны өсіру, денсаулық сақтау саласын ілгері­лету, демографияны дамыту, өңір­лердегі инфрақұрылымдарды жақ­сарту сияқты жұмыстардың бә­рі жоспарлы түрде іске асырыла бе­ретінін атап өтті.

Президент шетел­дегі қандастарымызды Ата­ме­кенге қайтару ісі ешқашан на­зар­дан тыс қалмайтынын да атап өтті. “Әлемнің түкпір-түкпіріндегі қан­дастарымыздың басын туған жерде біріктіру – біздің парызымыз” – деді ол.

Тоқаев Елбасының биылғы Жастар жылының ашылуы және Nur Otan партиясының ХVIII съ­зінде берген бес әлеуметтік бас­тамасы мен тапсырмалары кешенді жүзеге асырылатын айтты.

“Мен бюджет саласының төмен жалақы алатын қызмет­керлерінің еңбек­ақы­ларын бір ай бұрын – 1 мау­сымнан бастап өсіруді тапсырдым. Аталған шара миллионнан астам қызметкердің өміріне оң ықпал ететін болады. Азаматтарды бірінші кезекте не толғандырады? Әрине, баспана мәселесі. Осыған байланысты әлеуметтік жағдайы төмен аза­мат­тар үшін 40 мыңнан астам жал­дамалы пәтер бөлу қарастырылып отыр. Әкімдер бұл іске биылғы мамырдан бастап кіріседі” – деді Президент.

Президент әр қазақстандықтың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін инфрақұрылымдық сипат­тағы мәселелер басты назарда болатынын айтты. Бұл – тұрғын үй-комму­нал­дық шаруашылығы саласын­дағы, яғни жылумен және сумен қамта­масыз ету, кәріз жүйесі, сон­дай-ақ жолдар, газдандыру мә­селелері, экология және қауіп­сіздік түйт­кіл­де­рі.

Осы бағытта «Құтты мекен» және «Ауыл – ел бесігі» жобалары жүзеге асатын болады. Бұл жобаларды жүзеге асы­ру үшін алдағы үш жылға трил­лионнан астам теңге қарас­тырылып отыр. Дегенмен, Президент Үкімет пен әкімдерді бюджет қаржысын түпсіз құдық ретінде көрмеуге шақырды.

“Бөлінген қаржы нақты экономикаға жедел жетуін қамтамасыз ету қажет. Осы орайда, аталған жобаларға отандық өндірушілердің барынша мол тар­тылуын бақылауға алуды тапсыр­дым. Бұл әлеуметтік мәселелерді шешумен қатар өңірлердің эконо­микасын ынталандыруға мүм­кіндік береді. Бұдан бөлек, өңірлер мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға белсенді атсалысуы қажет” – деп атап өтті Тоқаев.

Осы орайда Президент әлеуметтік төлемдерді жүзеге асырудағы кейбір олқылықтарды да айта кетті.

“Қол­даныстағы бюджет теңдестіріл­меген және қайта форматтауды талап етеді. Бюджеттің толығу көз­деріне жан-жақты сараптама жүргізілмейді. Екіншіден, бюджеттің «өндіріссіз шығындары» бар. Көптеген қажетсіз, жөнсіз шығынға жол беріледі. Сонымен қатар халықтың нақты табыс табуына қатысты мәселелерді тек бюджеттік шы­ғындар есебінен шешу мүмкін емес екенін де түпкілікті түсінгеніміз жөн” – дей келе Президент оның шешу жолдарын да айта кетті:

“Бюджетке қатысты көзқа­ра­сымызды түбегейлі өзгертуге тиіс­піз. Мысалы, жергілікті әкімдер көлікті, жиһазды аса қымбатқа сатып алады. Оған қоса жергілікті атқару органдары түрлі имидждік іс-шараларды өткізуге құмар. Осындай шығындарды тоқтатып, жергілікті бюджет қаржысын әлеуметтік іс-шараларға жұмсау керек. Жалпы, ысырапшылдыққа тосқауыл қою қажет, сондай-ақ бюджеттің жымқырылуын мүлдем жою керек. Масылдық пиғылға да жол бер­меуіміз керек. Азаматтарымыз үшін ең ұтымды әлеуметтік қор­ғау – бұл өз бизнесін жүргізуге мүмкіндігінің болуы немесе білікті еңбегі үшін лайықты еңбекақы алуы” – деді Тоқаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз