2017 жылғы оқу грант иегерлерінің жаңа тізімі жарияланды.
Бұл туралы “Егемен Қазақстан” газеті хабарлады. Жаңа тізіммен мына сілтемеге өту арқылы таныса аласыз.
Айта кетейік, 10 тамыз күні тегін оқуға жолдама алғандардың тізімі Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында жария етілді. Алайда талапкерлер мен ата-аналар арасында оның нәтижесіне наразылық танытқандар көп болды. Әсіресе, жоғары балл иелері “бізден төмен алғандар оқуға түсті” деп шуласты. Олардың ең белсенділері білім министрлігіне басып кірмек болған еді. Бұдан кейін білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев грант иегерлерінің тізімі қайта қаралатынын мәлімдеген еді.