Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Гаухар Әлімбековаға қатысты тағы бір жанжал: «Әнші 2 млн теңгені алып, қайтармады»

622
Сурет әлеуметтік желіден алынды
Әлеуметтік желіде әнші өзінің концерті үшін алғытөлем ретінде кәсіпкерден 2 млн теңге алып, оны қайтармады деген айып тағылды. Бұл жаңалық әлеуметтік желілердегі жазбадан белгілі болды. Серік есімді жігіт Әлімбековамен Батыс Қазақстан облысында 4 млн теңгеге өнер көрсету туралы келіскенін айтты. Ол әртіспен кездесіп, келісілген соманың 50% -ын төлеген.

«Қымбатты достар және менің парақшамның қонақтары, сіздерге бір жағдай туралы баяндағым келіп отыр. Тамыз айының соңында Мен әнші Гаухар Әлімбековаға @gauhar_alimbekova_official хабарласып, оның жеке концертін Ақтөбе, Орал, Құлсары, Бейнеу және Ақтау қалаларында өткізу туралы келістім. Телефонмен айтқан әңгімемізде қаламақы (4.000.000 тг) туралы талқылап, оның 50%-ын Алматыға әкеліп беремін деп келістік. Соның арасында концерке дайындық басталып кетті: жарнама бердік, афишасын шығарып, қалалар мен аймақтарға іле бастадық. Оның жатын орны мен ұшып келуіне қатысты барлық шығынды өз мойынымызға алдық», — деп жазды.

Алайда билеттері онша сатылмағандықтан, Серік жоспарланған концерттен бас тартуға тура келді. Ол Әлімбековаға осыны айтып, алғытөлемді қайтаруын сұрады. Бірақ әнші қайтарудан бас тартты.

«23.09.2019 күні Алматыға ұшып келіп, Гаухар Әлімбековамен кездесеміз деп келістім. Ол кешке белгіленген уақытта келіп,  кассалық шығыс ордеріне қол қойды. Мен оған қаламақының 50% — 2.000.000 тг бердім. Бір бірімізге сенгендіктен, келісімшарт жасамадық. Барлық шарттар ауызша айтылды.

Концерт болатын күн жақындап қалды, ал билеттері нашар сатылды. Мен Әлімбековаға хабарласып, концерттер болмайды, зал 99,9%-ға бос деп айттым. Кейіннен алғытөлемді қайтарып беруін өтіндім. Алайда Гаухар Әлімбекова ақшаны қайтармаймын деп жауап берді. Ол телефонын өшіріп, мені «қара тізімге» қойып тастады. Одан әлі күнге дейін жауап ала алмадым.

Ол мені әлеуметтік желілерде де бұғаттап тастағандықтан, Инстаграмға жазуға мәжүр болдым», — дейді Серік.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың басында Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Гаухар Әлімбекованы «Алаяқтық» бабы бойынша кінәлі деп тауып, алты жыл мерзімге жеке бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындаған еді.

Алайда кейінірек сотта оның кінәсі дәлелденген жоқ деп мәлімделді. Әнші ақталып шықты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз