Қазақстандық клипмейкер Айсұлтан Сеитов кезекті туындысымен көрермендерді қуантты.
Отандық режиссер “Follow me to Qazaqstan” бейнеролигін түсіріп, Қазақстанның әсем сұлулығын көрсеткен.
Бейнероликке әлемге #FollowMe жобасымен таныс Мурад пен Наталья Оманндар түсті.
Кадрлардан еліміздің ең көрікті жерлерін көруге болады, олардың ішінде Үлкен Алматы көлі, Көлсай көлі, Қайыңды көлі, Шарын шатқалы мен Нұр-Сұлтан қаласының футуристік ғимараттары бар.