Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
3
USD
452
0.00
EUR
492
0.00
RUB
5.86
0.00

Facebook күн сайын миллиондаған фейк аккаунтты бұғаттайды

Facebook жалған аккаунттармен күрес жүргізу үшін әрдайым белгілі бір шаралар қолданып отыратынын мәлімдеді. Айтуларынша, мұндай аккаунттардың тарауы компания саясатына қарама-қайшы.

«Күн сайын тіркелу кезінде миллиондаған аккаунттарды бұғаттап отырамыз. Жетістіктеріміздің арқасында Франциядағы сайлауға қатысы бар деген 30 мың аккаунтты жойдық», – делінген түсініктемесінде.

Ал Twitter компаниясы өз кезегінде күн сайын 450 мың аккаунтты бұғаттайтынын айтты.

Естеріңізде болса, Әлеуметтік желіде лентаға өзгеріс енгізілетіні айтылғаннан кейін Facebook акциялары арзандады. Осы өзгерістің салдарынан Марк Цукерберг 2,9 млрд долларынан айырылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз