Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Еуропарламент Каталонияда өткен референдумды қатаң сынға алды

Одан кейін сөз алған Еуропа халықтық партиясының өкілі Манфрат Вебар: «Егер Каталония Испаниядан бөлініп шығатын болса, онда ол Еуроодақтан да, оның ішкі сауда айналымынан да бөлінеді» – деген.

Ал либералдар фракциясының төрағасы Ги Верхофстадт қос тарапты жағдайды ушықтырмауға шақырып, олай етпеген жағдайда Испания қоғамы екіге бөлінетіндігін ескерткен.

Естеріңізге салайық, қазан айының 1-і күні Каталония Испаниядан бөлініп шығуға байланысты референдум өткізген болатын. Оған ел халқының 42 пайызы қатысып, оның 90 пайызы дербес ел болуды қолдап дауыс берген. Бірақ Испания билігі мен королі Каталонияның бұл ісін елдің тұтастығына нұқсан келтіру деп мәлімдеп, аймақ басшылығын заң бойынша жазалайтындықтарын айтқан.

Дереккөз: qazaqtimes.com

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз