Еуропа Одағына уақытша төраға Австрияның сыртқы істер министрі Карин Кнайсль Өзбекстандағы адам құқықтарының жайы соңғы екі жылда жақсарғанын мәлімдеді.
“Еуропа Одағы алаңдап отырған, ар-ұждан тұтқыны тізімінде болған тұтқындардың көбі босатылды.
Мен ол тізімде бір адам ғана қалғанын білемін және енді ол тізім жойылып, босап шыққан барлық адам ақталса жақсы болар еді” деді Кнайсль.
Австрия сыртқы істер министрі Карин Кнайсль Еуропа Одағы Өзбекстан үкіметі жариялаған “өте ауқымды реформаларды қолдан келгенше қолдайтынын айтты. “Біз барлығының дұрыс жолда келе жатқанын бақылап отырмыз” деді Кнайсль.
Абдулазиз Камилов Өзбекстанның өте үлкен жұмыс атқару керегін және “айқын стратегиясы барын” айтты.