Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Это фотошоп!”. Қазақтың батыр қызын жоққа шығаруға кімнің дәті барды?

365

Қоғамдық кеңестің мүшесі Николай Исаев: Изначально указывали, что год ее рождения 1926-й. Но тогда на начало войны ей было всего 15 лет, и призывать ее могли не ранее чем в 1944 году. Потом дата ее рождения исправляется на 1923 год!

Доходит до смешного- в одной газете вышла статья о снайпере Баян Байгожиной с отличной фотографией со снайперской винтовкой и с наградами на гимнастерке.

Я задаюсь вопросом: может, улицы лучше называть честь реальных героев войны? – деп елін, жерін жаудан қорғауға өз еркімен жауға қарсы аттанған қаршадай қыздың ерлігіне күмәнмен қарады.

Іле-шала сол сарында 20 сәуір күні «Экспресс К» басылымында «Твою дивизию» деген Баянға қатысты Илья Миллердің мақаласы жарық көрсе (https://express-k.kz/news/na_mestakh/tvoyu_diviziyu_-120437) , ал тағы бір орыстілді газетте «Была ли девочка?» деген мақала жарияланды (http://www.time.kz/articles/zloba/2018/04/18/bila-li-devochka) .

   Бірақ…

Бір өзі ер адамға бергісіз ерлік танытып, 24 жаудың көзін жойған қазақтың батыр қызы Баян Байғожина жайлы аңыз емес, ақиқат екенін дәлелдейтін кез келді.

Ғаламтордағы ақпараттарды, ескі құжаттарды, соғыс кезінде жарық көрген газет-журналдарды қарай келе (барлық жерде әскери тілші П.Кузнецов 1945 ж. 23 наурызындағы номерінде  “Комсомольская правда” газетінде “Шыңғыстаудың баяны” деген мақаласын жариялады деп жазады. Бірақ ол газетте ондай мақала жоқ болып шықты.)  қалың көпшілікке белгілі мағлұматтарды ғана кездестірдім.

Іздей, іздей, Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына сұрау салдым. Арада біраз уақыт өткеннен кейін Баян Байғожина жайлы тарихи дерек табылғанын  Ұлттық кітапхана басшысының орынбасары маған сүйіншілеп жеткізді.

Біз үшін құнды дүние 1945ж. 8 наурызындағы «Правда» газетінің №57 номерінде белгілі журналист, әскери тілші Павел Кузнецовтың «Девушка из Чингистау» атты мақаласы көзге оттай басылды.

Мында басыңыз: Правда,  1945 , № 57

Баянмен Гинденбург қаласында кездесіп, Батыр қыздың ерлігін, соғысқа қалай келгенін, жаумен қалай арпалысқанын жазады.

Қаршадай сұрмерген қызды былайша суреттейді: «Девушка умело выбирала засады, терпеливо, как степной охотник, выжидала и высматривала врага, чутким ухом ловила каждый звук и шорох вокруг, и выстрелы ее не знали промаха».

Бұл ешқандай анау айтқандай фейк емес, нағыз тарихи шындық. Бұл нағыз батырдың ерлігін, қаһармандығын айқындап тұрған дәлел емей немене. Әлде тағы күмәніңіз бар ма?

1945ж. 8 наурызындағы «Правда» газетінің №57 номеріне толықтай көз салатын болсақ,  халықаралық әйелдер күні шыққан мерекелік санда барлығы дерлік отан үшін от кешкен ержүрек қыздар жайлы жазылып, арасында Баян Байғожинаға  кең көлемде мақала арнау, батырлығын мойындаумен пара-пар емес пе?

Қоғам белсендісі Николай Исаев: «Изначально указывали, что год ее рождения 1926-й. Но тогда на начало войны ей было всего 15 лет, и призывать ее могли не ранее чем в 1944 году. Потом дата ее рождения исправляется на 1923 год!» деп жасы жетпей соғысқа баруы мүмкін емес деген дүниені айтты.

Онда мынадай жауап сізге:

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әртүрлі дереккөздер бойынша бірнеше ондаған мың кәмелетке толмаған жастар, ересектермен қатар шайқасты, қаза тапты. Оларды «Сыновья полка», «пионеры-герои» деп атады. Барлаушылар, жаяу әскерлер, тіпті арасында ұшқышта болды.

Не бәрі 15 жасында ұшақты меңгеріп соғыс біткенше 650 рет әскери шабуылға шығып, көк жүзінде 283 сағат болған Аркадий Каманин жас ұшқыш атанса, ал көзсіз ерлік көрсеткен Леонидя Голиков 16 жасында, Марат Казей 14 жасында, Валентин Котик 14 жасында, Зинаида Портнова 17 жасында, Александр Чекалин 16 жасында Кеңес Одағының батыры атағы берілген болатын.

Бейресми дерек көздері бойынша 75 мыңға жуық қаршадай ұл мен қыз партизан отрядтарында жауға қарсы тұрды.

Ел алдында қасиетті борышын өтеуге асыққан Баян да мен жаспын, баламын демей майданға өз еркімен аттанып, жоғарыда  атап өткен мыңдаған өрімдей жастар сияқты ерлікпен шайқасты. Кәмелет жасына толмағандарды соғысқа жібермеді деу қисынсыз болар.

Баян Байғожинаның туылған жылында емес, оның ел басына күн туғанда, етігімен қан кешіп, жауды жеңуге өз үлесін қосқандығы, жаным арымның садағасы деп, өз өмірін, бүгінгі бейбіт күнге айырбастап, сізбен бізге  сыйға тартып кеткендігі маңызды болар.

   Баян Байғожина жеңіске 12 күн қалғанда  Гинденбург жерінде шейт болды

Бірақ оған да күмәнмен қарағандар бар екен.

Сөзімнің дәлелі: Экспресс К» басылымында «Твою дивизию» деген Илья Миллердің  Баянға қатысты мақаласы жарық көреді. Онда ол: «Баян пала смертью храбрых за 12 дней до Победы недалеко от Берлина, возле немецкого города Гинденбурга. Тем временем этот город находится в Польше» деп жазады.

Бірақ автор мына жайтты есінен шығарып алса керек. Гинденбург қаласы мен Берлиннің арасы 500 шақырым. Бұл қала 1945 ж 24 қаңтар күні қызыл армия қарамағына өтеді.

Алайда 1945 жылдың 29 мамырына дейін, Германияның қаласы ретінде саналып, неміс әскері толықтай жеңіліске ұшырағаннан кейін  ғана қаланың бұрыңғы атауы қайтарылып, Забже  Польша мемлекетінің қайтадан құрамына енді. Сенбесеңіздер https://en.wikipedia.org/wiki/Zabrze шаһар тарихын мына сілтемеден көруге болады

P/S: Уа , ағайын! Қазақта бір қанатты сөз бар «құрастырып айтса – құлдікі жөн, біріктіріп айтса – бидікі жөн» деген, бұл дерек пен дәйекке сүйеніп, басы біріктіріліп жазылғандықтан енді қазақтың батыр қызы Баян Байғожинаның атына ешкім кір келтірмей, лайықты бағасын берейік. Егер әки тағы да қарсы пікірлер туындап жатса, онда ол адамдардың қандай пиғылда екенін өздеріңіз таразылай беріңіздер.

Қуаныш Рахметоллаұлы

Дереккөз: DalaNews.kz 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз