Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ескен Елукен жаңа арнаға басшы болып тағайындалды

277

Бүгінгі күні спутниктік ОТАУ ТВ операторының аудиториясы шамамен 900 000-ға жуық болса, ал ID TV-ді 413406 –ға жуық абонент қолданады.

«Tamasha tv» телеарнасының эфирі «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ішкі телеөнімімен толықтырылтын болады. Айта кетсек: «Әзіл әлемі» «Жайдарман», «Хаха-шоу», «Әзіл man», «Көңілді тапқырлар алаңы», «Қызық екен», комедиялық телехикаялар және т.б қызықты жобаларды ұсынбақ.

Сондай-ақ, жаңа телеарнада телерадиокорпорация мұрағатында жылдар бойы сақталған, кезінде көрерменнің көңілінен шыққан танымал ойын-сауықтық бағдарламалар эфирге қайтадан оралатын болады. Жаңа телеарна отандық телевизия әлемінде ойын-сауықтық, әзіл-сықақ жанрындағы бағдарламаларды кеңейтуді көздейді.

Телерадиокорпорация алдын-ала теленарықты зерттей келе, ойын-сауықтық контенттің көрермен арасында үлкен қызығушылық пен сұранысқа ие екенін ескерді. Қазіргі кезде телевизия әлемінде белгілі бір тақырыпты қамтитын әмбебап телеарналар кеңінен таралуда және арнайы аудиторияға бағытталғандықтан тұрақты түрде дамып келеді.

«Tamasha tv» телеарнасының орташа тәуліктік хабар тарату уақыты 22 сағатты құрайтын болады. «Tamasha tv» телеарнасының директоры боп Есен Елеукен тағайындалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз