Елімізде үлгі аларлық отбасылар көп. Мәселен, Қыдырәлі мен Қарақат жұбы. Көп балалы, табысты, мәдениетті отбасы деп үлгі тұтамыз. Расымен де, солай ма екен?
Желіде тараған мына видеодан кейін залық бірден Қыдырәліге наразы болып қалды. Қарақат мектеп студиясының оқушыларымен кезекті кездесулері болуы керек. Бір топ бойжеткендердің арасында отырған Қыдырәлі мен Қарақат олардың өнерлерін тамашалап әлек.
Бірақ, желі қолданушылары қыздардың өнерлерін емес, Қарақат пен Қыдырәлінің отырған орындарын бірден көздеріне іле кетті. Қашанда үй отағасы, еркек атаулыны төрге шығаратын қазақ, осы ғасырда қағидасын өзгерткен бе? Қарақат төрде, ал Қыдырәлі төменде отыр.
“Еркек емес! Қарақат Қыдырәлінің орнын көрсетіп беріпті ғой”, “Қарақат төрде, ал Қыдырәлі төмен отырғаны несі?”, “Үйде кімнің бастық екендігі көрініп қалды”, деп пікірлерін жаудырды желідегілер.
https://kaz.365info.kz/ara-at-ydyr-lini-auzy-dualy-222316