Қазақ әншісі Төреғали Төреәлі “Алло” хитін танымал түркиялық әнші Фулинмен бірге орындады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы әншінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. “Төреғали Төреәлі хитке айналған “Алло” әнін түрік әншісімен орындау да бұйырыпты.
Qazaqstan телеарнасындағы Silk Way Star музыкалық шоу-бағдарламасы бір сахнада Ұлы Жібек жолының ең танымал жұлдыздарын жинады. Халықаралық музыкалық байқауда тоғыз елдің өкілі өнер көрсетіп жатыр.
Осыған дейін бұл әнді Төреғали өзбектің әнші қызы Шахзодамен бірге орындаған еді.