Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бірнеше апта бұрын әнші байқау жариялап, “Қайда?” әнін үздік орындаған жанға 100 мың теңге табыстайтынын айтқан еді. Оны естіген тыңдармандар жаппай Еркенің әнін орындап кетті. 3-4 жасар бүлдіршіндерден бастап, ақыр аяғы ер азаматтарға дейін “хитке” айналған әнге кавер нұсқа түсіріп, желіге жүктеді. Алайда көпшілігінің еңбегі еш кетті. Себебі жеңіске Әминә есімді бүлдіршін жетті.
“Ерке Қайда” сайысының жеңімпазы – осы кішкентай бүлдіршін деп шешіп отырмын! “Неге?” деген сұрақ туындаса, 3 күн еңбекпен, дәл менің клипімдей клип түсірген Әминаның отбасына респект! Ақылды қыз!
Толық нұсқасын ютубтан көре алады екенсіздер! Құтты болсын! Барлық қатысушыларға алғыс айтамын! Бақытты болыңыздар!” – деп жазды Ерке.