Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ерекше ауруларды дер кезінде анықтау мен емдеу жолдары талқыланды

232

Конгресс аясында тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісінуді (ТҚАІ) уақтылы диагностикалау және емдеу мәселесіне арналған баяндамамен Қазақ иммун тапшылығы қоғамы иммунологтар қауымдастығының төрайымы, медицина ғылымдарының докторы, Назарбаев Университетінің «Medical University Center Республикалық диагностикалық орталығы» КҚ клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бөлімінің меңгерушісі Елена Ковзель сөз сөйледі.

Тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну – бастапқы иммун тапшылығы санатына жататын сирек кездесетін генетикалық ауру. Бұл С-1 ингибиторы функциясының төмендеуімен немесе жетіспеушілігімен байланысты және бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылатын әртүрлі локализацияның терең қайталамалы ісінулерімен сипатталады. Бұл ауру кез-келген жаста пайда болуы мүмкін, бірақ көбінесе ауру алғаш рет 6-10 жаста байқалады, ал алғашқы белгілердің пайда болуынан диагнозды қоюға дейін 8-ден 20 жасқа дейін созылуы мүмкін және пациенттердің 80%-ына дейін анықталмай қала береді. Бұл ретте ауру диагнозы қойылмаған пациенттер арасында өлім-жітім деңгейі 29%-ды құрайды, ал дер кезінде диагноз қойып, емдеуді бастаған адамдарда бар болғаны 3%-ға тең.

Қазіргі уақытта әлемнің 56 елінде ТҚАІ бар 2568 отбасы бар, Қазақстанда диагнозы расталған 13 пациент анықталды, дегенмен Елена Ковзель эпидемиологиялық статистикаға сәйкес, шамамен 350-380 жағдай болуы тиіс екенін меңзейді.

– ТҚАІ-тің қауіптілігі оның өршеленуінің өмірге қауіп төндіру мүмкіндігімен түсіндіріледі. Мысалы, жұтқыншақтың ісінуі тұншығуға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, бұл ауру жағдайында антигистаминдерді немесе глюкокортикостероидтарды қолдану аллергиялық ісінуді емдеумен салыстырғанда өз әсерін бермейді. Мұны білмей, дәрігерлер құнды уақытты жоғалтуы ықтимал. Сондықтан тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісінуді диагностикалаудың ерекшеліктері туралы әртүрлі профильдегі мамандар – аллергологтар, терапевтер, отбасылық дәрігерлер, педиатрлар, ЛОР дәрігерлері, дерматологтар, хирургтар білуі керек. Бұл мамандардың хабардарлығын арттыратын іс – шараларды үнемі өткізу қажет, – дейді Елена Ковзель.

Соңғы жылдары медициналық қоғамдастықтың күш-жігері ҚР-да ауыр сырқатпен күресте белгілі бір прогреске қол жеткізді. Атап айтқанда, ТҚАІ-ті диагностикалау мен емдеудің қазақстандық клиникалық хаттамасы құрылды (2019 жылы), бастапқы иммун тапшылығы бар пациенттердің регистрі пайда болды, оған ТҚАІ-мен ауыратын пациенттер де енгізілді; ТҚАІ диагностикаланған пациенттер ұйымы құрылды; қазақстандық дәрігерлер ТМД елдерінің әріптестерімен және Дүниежүзілік ТҚАІ ұйымымен белсенді ынтымақтасады. Алайда шешімін таппаған мәселелер әлі де көп.

Уақтылы диагностиканы қиындататын дәрігерлердің хабардарлығының төмендігімен қатар, ТҚАІ-тің тиімді дәрілік терапиясында да қиындықтар ұшырасады. Алты жыл бойы қазақстандық мамандар жыл сайын Денсаулық сақтау министрлігіне ТҚАІ-ті базалық және шұғыл емдеуге арналған препараттарды ТМККК және МӘМС шеңберінде ұсынылатын дәрі-дәрмектер тізіміне қосу туралы өтінішпен жүгінді, бірақ бұл мәселе әлі өз шешімін таппады. Тағы бір күрделі мәселе – Қазақстанда қолданылатын емдеудің ескірген әдістері.

Тарихи тұрғыдан, ТҚАІ-ті емдеу үшін синтетикалық андрогендер қолданылды, тиімділігіне қарамастан олардың бірқатар қауіпті жанама әсерлері бар. Оның үстіне андрогендердің әрекет ету механизмі кезіндегі ТҚАІ препараттардың өзге тобы фибринолиздің ингибиторларына жатқызылатын мысалы, транексам қышқылы сынды әлі күнге дейін жеткілікті зерттелмеген. Бұл препараттар жағымсыз жанама әсерлерді де тудырады.

Әлемде өршеленулерді басу үшін де, олардың алдын алу үшін де неғұрлым тиімді амалдарды қолдану тәжірибесі бар, бірақ Қазақстанда бұл препараттар әлі қол жетімді емес. Осыған байланысты, мамандардың пікірінше, ТҚАІ қоса алғанда, бастапқы иммундық тапшылықты емдеудің қолданыстағы схемаларын жетілдіру, әлемдік тәжірибеде қабылданған генетикалық диагностика және ерте скринингтік диагностика әдістерін белсенді пайдалану қажет.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз