Мақпал Жүнісова Бүркіттің “Логово” атты фильмінің тұсаукесері кезінде қатты ашуланды.
Ол кісіні ренжіткен әріптесі Айткүл Құдайбергенова көрінеді. Бұл ашудың бір лебі Мәдина Сәдуақасованы да “шарпыды”.
Әрине, ол өнердегі әпкесіне ренжімегенін, бірақ бәрібір түсінбей отырғанын мына видео астындағы жазбасы арқылы білдіріп қалды:
“Мақпал апай, мені қызы Мерей деп қалды-ау деймін”, – деп жазған видеоның астына Мәдина Сәдуақасова.
Иә, видеода Мақпал Жүнісованың ашуланып тұрғаны, Мәдинаны қолынан жұлқып қасына тартқаны көрініп тұр. Мәдина да ештеңені түсіне алмай, ыңғайсызданып, көз қырымен әпкесін бақылағаны көрініп тұр.
https://kaz.365info.kz/eki-ysh-ret-tayakh-zhegenmin-makhpal-zhynisova-otkenin-eske-aldy-265336
Кейін Мақпал Жүнісова не үшін олай еткенін түсіндіріп беріпті:
“Бұл кісі мені қатты ренжітті, қасыма жақындатқым келмейді. Енді қайтып жақын келмейтіндей болды, Айткүл апаң”, – деп пікір қалдырған ол.
https://www.instagram.com/p/BcILxsCjkzD/?taken-by=sadvakasovamadina