Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Эмиграция қарқынды дамуда: мамандардың елге келгеннен гөрі кеткені көбірек

2021 жылдың қаңтар–маусым айында елге 4,6 мың адам келді. Бұл 2020 жылдың қаңтар–маусым айына  қарағанда 34,9%-ға аз.

Сонымен қатар, пандемияға қарамастан, елден 14,2 мың адам кетті, бұл өткен жылға қарағанда 29,3%-ға көп.

Айта кету керек: 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін елден кеткендер саны үнемі өсіп отырды. 2020 жылы карантин мен шекаралардың жабылуына байланысты бұл көрсеткіш төмендеді. Алайда, биылғы жылы эмиграцияның өсу үрдісі толығымен бастапқы қалпына оралды.

Көші-қон сальдосы теріс күйінде қалып отыр, кету мен келу санының айырмашылығы 3,1 есе болды

Қалалардан кеткендер саны 29,1%-ға (11,9 мыңға дейін) ұлғайды. Ауылдардан кеткендер – 30,5%-ға (2,2 мыңға дейін).

Келушілер саны, керісінше, бір жыл ішінде қалаларда 14,9%-ға (3,7 мыңға дейін), ауылдарда – 67,2%-ға (883 -ке дейін) азайды.

Биыл елімізге 15 жасқа дейінгі 363 бала мен жасөспірім келді. Бұл өткен жылға  қарағанда 70,2%-ға аз. Келушілердің арасында 16 жастан 62 жасқа дейінгі еңбекке жарамды халық саны 28,4%-ға (3,7 мыңға дейін) қысқарды. Зейнеткерлер саны — 20,9%-ға (519 адамға дейін) азайды.

Сонымен қатар, елден кеткен балалар мен жасөспірімдер саны 3,7 мыңды құрады (жылына 42,4%-ға артқан). Еңбекке қабілетті халық — 9,8 мың адам (24,2%-ға артқан), зейнеткерлер — 659 адам (+43,6%).

Алматы тартылыс орталығы тәрізді

Өңірлік бөліністе азаматтардың басым бөлігі Қарағанды облысынан кетті: 2,1 мың адам – өткен жылға қарағанда 37,5%-ға артық.

Екінші және үшінші қатарда Шығыс Қазақстан (жылына 1,8 мың, +12,6%) және Павлодар (1,5 мың, 18,8%) облыстары орналасқан. Ең азы Қызылорда облысынан кетті: 32 адам (жылына +68,4%).

Келгендердің саны бойынша Алматы көш бастап тұр. Жарты жыл ішінде оңтүстік астанаға 866 адам келді — бұл өткен жылға қарағанда 0,9%-ға көп. Көшбасшы өңірлердің үштігіне сондай-ақ Маңғыстау облысы (жылына 841, минус 60,8%) және Шымкент (419, минус 16,5%) кірді. Келгендердің ең азы Қызылорда облысында байқалды: барлығы 6 адам, жылына минус 76,9%.

Елдегі мамандар саны азаюда

Келгендер арасында мамандықтар бөлінісінде ең көбі «технарлар»: 500 адам — өткен жылға қарағанда 3,1%-ға артық.

Экономистер саны 16,7%-ға (266 адамға дейін), дәрігерлер – 6,3%-ға (152-ге дейін), заңгерлер – 45,8%-ға (86-ға дейін), сәулетшілер – 2,1%-ға (48-ге дейін) өсті.

Келген педагогтардың (бір жылда 17,7%-ға, 181-ге дейін) және АӨК саласындағы қызметкерлердің (10,7%-ға, 50 адамға дейін) саны азайды.

Техникалық бағыттағы 2,4 мың маман, 1,2 мың экономист, 678 педагог, 417 медицина қызметкері, 282 заңгер, 209 сәулетші, 100 АӨК қызметкері кетті.

Техникалық мамандықтардан кеткен және келген мамандар саны арасындағы айырмашылық 4,8 есе,

Экономикалық мамандар – 4,4 есе, педагогикалық мамандар  – 3,7 есе, медицина мамандары – 2,7 есе, заңгер мамандар – 3,3 есе, ауылшаруашылық мамандары – 4,2 есе, сәулет – 2,1 есе болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз