Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Елжан Біртанов Үкімет басшысынан көмек сұрады

Министрдің айтуынша, 2018 жылдың басынан бері өлім қаупі жоғары бактериялық менингококк инфекциясы күдігімен 593 адам қаралған және 213 адам емдеуге жатқызылған. Олардың арасында 58 науқастан менингококк инфекциясы расталды. Науқастар арасында 14 жасқа дейінгі балалар саны – 21. Бүгінге дейін он адам емдеп шығарылды және 55 науқас ем алып жатыр.

«Аталған сырқаттан 13 адам қайтыс болды: Алматы облысында – 4, Қызылорда облысында – 1, ОҚО – 2, Алматы қаласы – 6 адам. Өкінішке қарай, қайтыс болғандар арасында алты бала бар», – деді министр.

Сондай-ақ, ол менингитпен күрес бойынша арнайы штаб құрылғанын хабарлап, Премьер-Министрден штаб жұмысына көмек беруді сұрады.

«Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, облыс әкімдеріне, денсаулық сақтау басқармаларының өңірлік штабтарының тиісті жұмысын және бекітілген республикалық штабтың жоспарын, тапсырмаларын мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етуді сұраймын.

Сонымен бірге, ҚР Жедел медициналық көмек көрсету туралы қағидаларын бекіту туралы №450 бұйрыққа сәйкес, кезек күттірмейтін жағдайлар кезінде медициналық көмек жақын жердегі медициналық ұйымда көрсетілуі тиіс.

Облыстардың емдеуге жатқызу тәртібі туралы барлық бұйрықтарды Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарына сәйкес келтірілуі тиіс», – деді министр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз