Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
16
USD
466
-1.91
EUR
532
-2.18
RUB
5.92
-0.04

Елімізде жастар қымбат тойдан бас тартып, қаржысын баспана мен бизнеске салып жатыр

Мәдина Елтаева жолдасымен бірге шағын той өткізуді таңдаған. Олардың айтуынша, мейрамханадағы орын құны бір адамға 5 мың теңге болған. Қалыңдық көйлегі OLX платформасынан 20 мың теңгеге сатып алынса, тортқа 7 мың теңге жұмсалған.

«Тойымызға кеткен барлық шығын 320 мың теңге болды. Оның ішіне мейрамхана, көйлек, торт кірді. Ал видеографты ағамыз сыйлады, тамада жұбайымның досы болды», – дейді Мәдина Елтаева.

Оның жұбайының айтуынша, үлкен тойдан бас тарту отбасының қаржылық жағдайына оң әсер еткен.

«Той жасамағанымыздың арқасында қолма-қол ақшаға баспана алдық. Қазір оны кеңейтіп жатырмыз. Сонымен қатар үш кәсібіміз бар», – дейді ол.

Осындай шешімді Аяжан есімді қазақстандық та қабылдаған. Оның айтуынша, тойға шамамен 7 миллион теңгежұмсалатынын білген соң, жас жұбайлар тек жақын туыстарымен неке қию рәсімін өткізіп, тойға бөлінген қаржыны баспана сатып алуға бағыттаған.

«Ата-анамды пәтер алуға көндіре бастадым. Өз пәтеріңнің болғаны бір күндік тойдан әлдеқайда маңызды деп ойлаймын», – дейді Аяжан.

Мейрамхана өкілдерінің айтуынша, банкет бағасы маусымға байланысты өзгереді. Жаз айларында сұраныс артатындықтан, бір адамға шаққандағы құны 20 мыңнан 40 мың теңгеге дейін жетеді. Сонымен қатар соңғы жылдары той өткізу форматы да өзгеріп келеді. Егер бұрын көпшілік 200-250 адамға арналған той ұйымдастырса, қазір жастар көбіне 50-150 адамға арналған шағын банкет залдарын таңдайды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз