Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Елімізде туристік полиция қызметі пайда болады

ІІМ көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов полицейлердің жұмысына қатысты жекелеген жағымсыз пікірлер барын мойындады.

«Құқық қорғау құрылымының қызметі туралы жағымсыз пікірлерге қатысты айтар болсақ, иә, мұндай жағдайлар болуы мүмкін. Бірақ бұл жаппай сипат алып отыр деуге келмейді. Полицейлер жіберетін бұзушылықтарға қатысты ІІМ, соның ішінде, өзіндік қауіпсіздік департаменті қызметтік тергеу жүргізіп жатыр. Соған сәйкес, қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылады», – деді ол.

Ол туристермен тікелей жұмыс істейтін арнайы полиция қызметін құру бастамасы зерделеніп жатқанын атап өтті.

«Жағымсыз пікірлерге қарағанда, жақсы пікірлер көп. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі мен Алматыдағы Азия ойындары секілді шаралар полицияның шетел азаматтарына жеткілікті дәрежеде қызмет көрсететінін дәлелдеді. Бүгінде Мемлекет басшысының құқық қорғау жүйесін жаңғырту аясындағы тапсырмасы бойынша үлкен жұмыс атқарылып жатыр.

Орталық коммуникациялар қызметінде Ішкі істер министрі есеп бергенде, ішкі істер органдарындағы кадрларды іріктеу жүйесі толықтай қайта қаралатынын айтты. Қазір біз туризм саласын қолдау мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Мәдениет және спорт министрлігімен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Бірқатар мәселелерді айттық. Соның бірі – туристермен тікелей жұмыс істейтін туристік полицияны құру. Онда белгіленген функциялары бар. Қазір халықаралық тәжірибені зерттеп жатырмыз», – деді ол.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы туризмді дамыту үшін туристік полиция қызметін құру қажет болып отырғанын, бұл бастаманы қолдайтынын айтты.

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз