Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Елбасының БАҚ саласына тағайындаған сыйлығы мен гранттарының иегерлері анықталды

Сембаев Мағауия Сланбекұлына – Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторына, отандық журналистиканың дамуына қосқан елеулі шығармашылық үлесі үшін;

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары тапсырылсын:

Магер Юлия Дмитриевнаға – «Казахстанская правда» жалпыұлттық газетінің тілшісіне, Мемлекет басшысының сыртқы саясаттағы қызметін кеңінен жариялап-көрсеткені үшін;

Шәріпов Айхан Пішенбайұлына – «Айқын» республикалық газетінің меншікті тілшісіне, елдегі экономикалық, әлеуметтік және саяси реформалар барысын белсенді жариялап-көрсеткені үшін;

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы жариялансын:

«Астана» телеарнасындағы «Біздің уақыт» телевизиялық бағдарламасының шығармашылық ұжымына, қоғамды дамытудың өзекті мәселелерін жедел жариялап-көрсеткені үшін;

«Мысль» республикалық қоғамдық-саяси журналының шығармашылық ұжымына, қоғамды демократияландыру және саяси мәдениетті жетілдіру үдерістерін жариялап-көрсетуге қосқан үлесі үшін;

Батыс Қазақстан облыстық «Приуралье» газетінің шығармашылық ұжымына, өңірді дамытудың өзекті мәселелерін жариялап-көрсетуге қосқан үлесі үшін;

«Хабар 24» телеарнасының шығармашылық ұжымына, отандық телевизиялық журналистиканы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз