Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
427
+1.34
EUR
497
-1.07
RUB
5.53
-0.03

Елбасы Ресейдің Қазақстандағы елшісін «Достық» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы екі елдің халықаралық аренада табысты ықпалдастық орнатқанын айтты.

– Біз халықаралық деңгейде бір-бірімізді қолдаймыз. АҚШ-қа сапарым кезінде Ресей мен Америка арасындағы қарым-қатынас мәселесіне зор мән бердім, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Михаил Бочарников екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын айтып, Қазақстанның жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісіндегі белсенді қызметіне тоқталды.

– Қазақстанда 11 жылдан астам атқарған қызметім барысында елдеріңізге деген ризашылық сезімім арта түсті. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуы және бұл органға төрағалық етуі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі елдеріңіздің маңыздылығын көрсетіп отыр, – деді Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі.

Сонымен қатар Михаил Бочарников екі елдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастығының нәтижелері мен алдағы перспективаларын атап өтті.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Бочарниковты «Достық» орденімен марапаттады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз