Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Елбасы қанша демалса да Қасымов кетуі тиіс” – саясаттанушы

Отставкаға сөзсіз кетеді. Теннің оқиғасы болмағанда, бәлкім, ол Қауіпсіздік кеңесіне немесе депутат креслосына ауысар ма еді.

Бірақ осы жолы оның карьерасын осымен бітті дей беруге болады.

Бірақ Қасымов дәл қазір, шұғыл жағдайда кетпейді. Өйткені президент кадрлық шешімдерді қоғамдық қысымның жетегімен жасаған емес.
https://kaz.365info.kz/siz-ben-sizdin-satkhyn-zamandastarynyz-kinali-olzhas-sylejmenov-tajzhannan-auyr-soz-estidi-324853
Әлеуметтік желілерде дауыс берген 12000 адамның 91 пайызы ішкі істер министрінің отставкасын қолдайды. Қоғамның мұндай қалауына әрине, көз жұма қарауға болмайды. Тіпті оппозициядан алыс деген Алматы қалалық қоғамдық кеңесі де бірауыздан отставка талап етуде.

Бірақ Мемлекет басшысы неге шұғыл демалысқа шығып кетті? Ол министрді жақын арада ауыстырғысы келмейді.

Меніңше, бас полицей күзге таман болуы мүмкін үкімет отставкасының аясында ауысады“, — дейді саясаттанушы.

Қалиевтің ойынша, халықтың қазіргі көңіл толмаушылығы алаңдағы жаппай наразылыққа әкеп соғуы мүмкін екенін билік әлі де түсінбейді.

Билік әлі де халықтың наразылығы әлеуметтік желілерден ары аса алмайды деген үмітке сенеді.

“Реформа керек деген халықтың ең алдымен отставканы талап етуі – халықтың бір ортақ мақсат үшін біріге алатынындай қабілет жинап келе жатқанын білдіреді. Билік енді бұл тақырыптан қаша берсе наразы топтардың арасынан көшбасшы тұлғалар шыға бастайды, ал олардың талаптары тіпті күштірек болуы мүмкін. Өйткені наразы халықтың белсенділігі енді тек өрши беретіні анық“, — деп қосты ол.

Фото: hommes.kz
https://kaz.365info.kz/astana-kyni-prezident-tojy-biliktin-ideologiyasy-osy-gana-322775

Ақшарқат Ахметбек

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз