Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Елбасы әлемдік державалардың текетіресіне қатысты өз пікірін айтты

102

Бұл туралы Астана өтіп жатқан Азаматтық форумға сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлады.

“Әлемде қазір жағдай қиын. Басты мемлекеттердің барлығы, негізгі державалар тіл табыса алмай жатыр. Адамзаттың жағдайын ойлауы тиіс мемлекеттер. Мәселен, АҚШ пен Ресейде 15 мың ядро оқ жатыр. Адамзатты бірнеше рет жойып жіберуге болады. Бірнеше рет.

Мұндай елдер тіл табыса алмаса, бәрімізге де қауіпті”, – деді Назарбаев VIII Азаматтық форумда.

Ол АҚШ пен Қытайдың сауда соғысы мен өзге елдердің санкциялық шешімдерінің Қазақстанға да әсер ететінін мәлімдеді.

“Сондықтан үкімет те, мен де өте күрделі жағдайда жұмыс істеп жатырмыз. Бізге қандай да бір әсері болса, қалай жауап беруіміз керек? Сондықтан бірлік, татулық, патриоттық, елің, отаның үшін жауапкершілік арқалау өте қажет. (…)”, – деді Назарбаев форум қатысушыларына.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз