Астана ІІД полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев ЭКСПО қарсаңында қаладан үйсіз-күйсіз жүрген 200-ге тарта адам шығарылғанын айтты.
Ол халықпен есептік кездесуі кезінде елорданы тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғалардан “тазарту” бойынша қабылданған шаралар жайлы баяндады, деп жазады Sputnik.
Біз оларды бейімдеу орталықтарына алып барамыз, туыстарымен байланыс орнатамыз.
Мамырдың соңы мен маусымның басында әлеуметтік желілерде тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарды Астанадан Петропавл, Көкшетау және Қарағандыға көшіруі мүмкін деген ақпарат тарады. Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменттері бұл ақпаратты жоққа шығарды.