«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-сы Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдерімен бірлескен мәжіліс өткізді.
Бұл туралы Айқын газеті жазады.
Күн тәртібінде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу барысындағы аккредитация мен қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап «Аккредитация» жүйесі іске қосылады. Сонымен қатар, «Call centre» жұмыс жасайды. Барлық нысандар бейнебақылау, өрт сөндіру мен күзет сигнализациясымен жабдықталған. Көрме қонақтарының ыңғайы үшін логистика жүйесі жасалды. Өрт сөндіру мен медициналық қызмет көрсету тәулік бойы жұмыс жасайды.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасындағы Египет Елшісі Хайзам Салах Ибрагим (Haitham Jakah Kamel) «Біз көрмеге қатысатындығымызды ресми растағаннан кейін ұлттық компаниямен бірлесе отырып, көптеген жұмыстар жасалды. Бұл ретте, көрменің жоғарғы деңгейде өтетіндігіне сенімдімін. Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 көрмесіне біздің елдің бірқатар компаниялары қатысатындығын растады».