Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
-3
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Екібастұздағы дәрігер өлімі: санавиация неге көмектеспеді?

фото emcrk.kz сайтынан

2021 жылғы 22 желтоқсанда Екібастұздық травматолог-дәрігер Сергей Кривоносенко санавиация тікұшағы келем дегенше ауқымды инсульттан қайтыс болды. 15 қарашадан 7 желтоқсанға дейін Екібастұз ауруханасының дәрігерлері пациенттің жағдайын бірқалыпта ұстап тұрды, бұл уақытта Шұғыл медицина орталығында Екібастұздан Нұр-сұлтанға операцияға жағдайы ауыр пациентті қалай тасымалдау керектігін ойластырып жатты.

Кешіккендіктің салдары өмірмен өлшенді

Алдымен ауа-райы жағдайлары тікұшақтың ұшуына мүмкіндік бермеді, содан кейін “Қазавиақұтқару” тікұшағы мүлдем бұзылып қалды. Нәтижесінде ауыр науқасты көлікпен алып кетті. Белгілі болғандай, операция жасауға қажетті уақыт пен тасымалдауға жарамсыз жағдайлар белгілі травматолог дәрігердің өліміне әкеліп соқтырды.

Үш апта ішінде Сергей Кривоносенкода ми тамырларының ауқымды ишемиясына әкелген қайталама қан құйылу орын алды

7 желтоқсанда операциядан кейін ол комаға түсті, содан оянбады.

“ЭМҰК “Қазавиақұтқару” АҚ Бас директорына және “Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ Бас директорына жүргізілген тексеру, талдау нәтижесінің материалдарын алу және жоғарыда орын алған авиациялық инциденттің себептерін анықтау туралы ақпарат беру жөнінде өтініш хаттар жіберді”, – деп болған оқиғаның салдары туралы Денсаулық сақтау министрлігінде түсінік берді.

Сергей Кривоносенко, фото Instagram аккаунтынан алынды

Ұшуды талдау, әрине, қажет. Бірақ науқасты құтқаруға болатын еді, енді өкінішке орай, оны қайтара алмаймыз. Бұл мемлекеттің санитарлық авиация жағдайын түбегейлі қайта қарау қажеттігін тағы да көрсетіп отыр.

2021 жылғы ақпанда Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова пленарлық отырыста санитариялық авиация авиапаркін жаңартуда мемлекеттің одан әрі әрекетсіз отырмауы керектігін айтты. Ол 2016 жылғы деңгейдегі қызметтердің ескірген тарифтеріне және әуе кемелерінің ескіргенін тілге тиек етті. Бірнеше күн өткеннен кейін

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына келіп, ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға дайын екендіктерін жариялады

Бұған дейін, 2020 жылы Ұлттық экономика министрлігі салықтан босату арқылы азаматтық авиацияны барынша қолдауға уәде берген болатын. Бірақ нәтижесінде 2021 жылы медициналық авиацияның барлық жедел көмегі ұшу сағатына тарифтің 21,5%-ға өсуіне әкелді. Бұл ретте ресми жиынтық инфляция бес жыл ішінде кемінде 33,7%-ды құрады.

Ақша жоқ, бірақ ұша беріңдер

Егер Қазақстан мемлекеттік органдарының мемлекеттік сатып алу тізілімін мерзімді түрде зерттейтін болсақ, шенеуніктердің бюджет ақшасына жайлы кабинеттеріндегі жиһаздар мен премиум-класты қызметтік автомобильдерді қаншалықты жүйелі түрде ауыстыратынына таңдануға болады. Ал жедел медицина орталығының экипаждары мен дәрігерлері қиындыққа қарамастан пациенттердің өмірін 40-50 жыл бұрын шыққан ежелгі ұшақтармен құтқаруда.

Біз Қазақстанның авиациялық әкімшілігінен мәлімделген меморандумға қол қою шеңберінде санитариялық авиацияны дамытуға оның қалай жәрдемдесетіні туралы сұрағанымызда, Бас директордың ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары Нұрбек Бекмұхамбетов төмендегідей жауап берді:

“ААК мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің “Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы” РМК арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға 2021 жылдың мамыр айында қол қойылды. Меморандумның мақсаты Қазақстан Республикасының санитариялық авиациясына тартылған әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін жақсарту саласындағы ынтымақтастықты дамыту және тараптар арасындағы өзара іс-қимылды жолға қою, сондай-ақ осындай ұшуды орындау кезінде медицина қызметкерлері мен пациенттердің қауіпсіздігін арттыру болып табылады.

Бұл ретте меморандумды орындауға қандай да бір қосымша қаражат көзделмеген

ААК санитарлық авиация желісі бойынша қызмет көрсететін пайдаланушыларға тексеру жүргізді және тексеруді жалғастыруда, сертификаттық талаптардың бірқатар бұзушылықтары анықталды, жекелеген әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық сертификаттары тоқтатылды”.

Мұндағы басты сөздер – “қосымша қаражат қарастырылмаған”. Яғни ұшу қауіпсіздігі мен жедел медициналық әуе көмегін сапалы көрсетуге жауапты барлық мемлекеттік органдар тасымалдау кезінде экипаждарды, медициналық қызметкерлерді және пациенттердің өздерін қорғау қажет екенін мойындайды. Бірақ олар тек бақылау-қадағалау әрекеттерімен шектелуді жөн көреді. Әрине, әдемі сөздерімен.

Қозғалыстағының бәрі бақылауда

Санавиация қызметіндегі жаңа ұшақтар мен тікұшақтар 1%-дан аз екенін ескерсек, қалған әуе паркі 40-50 жыл қызмет етті және бұл техниканың жаңа түрлері ғана емес, сонымен қатар оларға сертификатталған қосалқы бөлшектер де шығарылмайды,

мұндай бақылаудың мәні бар ма? Ұшуға жарамдылық сертификатын тоқтату үшін әуе кемесін пайдаланудан шығару қажет. Сосын?

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2021 жылы санавиация тікұшақтарының ұшу саны 2020 жылмен салыстырғанда 23%-ға өскен. Егер авиациялық билік органдары олқылықтар тапқанын, жарамсыз әуе кемелерінің ұшуының жолын кескенін ашық айтса, онда санитариялық авиатасымалдардың артқан көлемін кім өтейді?

2021 жылдың басында біз жедел медицина орталығы сегіз авиакомпанияға тиесілі әуе кемелерін өз қажеттіліктері үшін пайдаланатынын жаздық.

Бұл ЯК-40, Ан-24, Ан-2 ұшақтары және ЕС-145 тікұшақтары. Және  пайдаланылатын 90 (!) Ан-20 ұшақтарының шыққан уақыты – 31-ден 59 жылға дейін

Авиация саласындағы көптеген мамандар ұшақтың жасы маңызды емес дейді, өйткені барлық бөлшектерді ауыстыруға болады. Бірақ ескі кеңестік ұшақтарда, егер оларға қосалқы бөлшектер өндірілмегеніне біраз уақыт өткен болса, ауыстыру үшін авиашрот қолданылатын болса, нені немен ауыстырады? Егер олай болмаса, біз дәлелдерді тыңдауға және ппайдаланушылардың құжаттарын зерттеуге дайынбыз.

Мақсаттары – мемлекеттік, ақша – жеке

Айтпақшы, екі жаңа L-410 ұшағы “Жетісу” мемлекеттік авиакомпаниясына тиесілі және дотациялық өңірлік рейстерді орындау үшін Алматы облысының бюджет қаражатына сатып алынған.

Жалпы, санитарлық авиацияның дамуына байланысты жағдай қазір ақшаға байланысты түбегейлі өзгеруі мүмкін.

Жаңа жабдықталған ұшақтар өздерінің кеңестік әріптестеріне қызмет көрсету сапасы мен ұшу жылдамдығы бойынша айтарлықтай бәсекелестік тудыруда

Ескі техниканы пайдаланушылар ақша табудың кез-келген мүмкіндігіне жармасады. Біздің ақпаратымыз бойынша, авиакомпаниялар Денсаулық сақтау министрлігінде санитарлық авиация қызметтерін конкурстық сатып алуға көшіру мәселесін белсенді түрде ілгерілетуде. Егер шын мәнінде тендерлік жүйе қабылданса, онда Қазақстан үшін дәстүрлі әдіс бойынша ең төмен баға ұсынатындар жеңіске жетеді. Қалай да ақша алуды ойлап, бәрі санавиацияның мақсаты не екенін ұмытып кеткен сияқты.

Жалғасы бар…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз