Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Екеуміз катты жыладық!». Ажырасу деген осы

«Кітап сөресін мен алғанмын. Сурет салғыш – мен алғанмын. Аспалы сағат – мен алғанмын, орындық пен үстел – мен алғанмын… Теледидар мен компьютерді де мен алғанмын. Осының барлығын өзіммен бірге алып кетемін».

Жігіт тізімді мұқият оқып шықты да, қолына қаламын алып, сатырлатып жаза бастады:

«Көрпе-жастық – тегін, шкаф – тегін, телефон – тегін, осы үйдегі барлық тұрмыстық бұйымдар – тегін. 200-ден астам ғашықтық хаты – тегін, сені сан рет күтіп, жеткізіп қойғаным – тегін…

Базар аралауды жаным сүймесе де, сенімен бірге көше кезгенім – тегін.

Қасыңда болып, қамқорлық жасағаным, сарылып күткенім де – тегін.

Өзіңе сыйлаған барлық киімдер мен гүлді де кештім.

Сен мұңайсаң, мұңайып, қуансаң, қуанған сәттерім, бәрі-бәрі де ақысыз. Бәрін де көшіріп алып кет!

Мұның бәрі саған деген шынайы махаббатым. Сондықтан ешқайсысына да қарымта тілемеймін!».
https://kaz.365info.kz/mahabbat-bar-degenge-senbeushi-edim-bojzhetkennin-ystykh-haty-279163
Жігіт тізім қағазын қызға берді де, бұрылып киімдерін киюге ыңғайланды. Ұзын-сонар тізімді ыждағатпен оқып шыққан қыз егіле жылады. Сосын басын төмен салып, мұрнын тартып қойды да, жігітке ашулы көзімен қарап:

– Осылармен қоса, сені де көшіріп әкетемін! – деді бұртиып.

Оның сүйкімді сұсты бейнесінен әсерленген жігіт қызды қапсыра құшақтады. Өкінген екі жас көз жастарына ерік бере алмады.

– Мені де алып кет!..».
https://kaz.365info.kz/keshegi-men-bygingi-zhastar-mahabbatynyn-ajyrmashylygy-nede-275221

Аян Мырзабек

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз