Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
10
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

ЕХРО көрмесінде Қытай Халық Республикасының ұлттық күні аталып өтуде

221

«Бүгін біз сіздермен «ЭКСПО-2017» көрмесінің аясында жүздесіп отырғанымызға өте қуаныштымыз. Ең алдымен осы халықаралық көрмеде Қытай ұлттық күнінің ашылуымен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Сонымен бірге біздің шақыруымызды қабыл алып, осы көрмеге белсене қатысқандарыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Бұл көрмеге әлемнің 115 елі қатысуда. Олар өздерінің ең үздік ғылыми технологияларын және мәдениет табыстарын көрсетуде. Нәтижесінде Астана Қазақстан президенті айтқандай XXI ғасырдың қаласына айналуда», – деді төраға Ахметжан Есімов.

Осы орайда Нұрлан Нығматулин халықаралық көрмеге Қытай мемлекетінің қатысып жатқандығын жоғары бағалады.

«Осы көрмеге қатысып отырған барлық мемлекеттер болашақта өркендеуі үшін халықтарымыздың қауіпсіздігі және сапалы өмір, иновациялық даму үшін тиімді шешімдер қабылдауда. Соның ішінде біздің тату көршіміз Қытай елінің «Болашақтың энергиясы: жасыл жібек жолы» экспозициясы – осы көрмедегі ең ірі және ең үлкен жұмыстардың бірі.

Қытай Халық Республикасы жаңартылатын энергия саласында әлем бойынша алдыңғы қатарда екенін біз жақсы білеміз. Сондықтан елдеріңіздің «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы жаңа технологиялардың дамуына әрі елдеріміздің арасындағы байланысты одан әрі тереңдетуге жол ашатындығы сөзсіз», – деді ол.

Сонымен қатар Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин биыл қос мемлекет арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағандығына 25 жыл толғанын атап өтті.

«Биыл қос ел арасындағы дипломатиялық байланысқа 25 жыл толды. Бұл – екі елдің тату көрші, өзара сенімді дос, стратегиялық әріптес ретінде жақын қатынасын көрсететін мерейлік кезең. Ол, әрине ең алдымен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХА төрағасы Син Цзиньпин арасындағы салиқалы саясаттың жемісі. Соның нәтижесінде елдеріміздің арасындағы қарым-қатынас барлық салада жыл сайын сапалы деңгейге көтеріліп келеді», – деді Нұрлан Нығматулин.

Ал Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысы тұрақты комитет төрағасының орынбасары Шэнь Юэюэ аталмыш көрме мемлекеттер арасындағы сауда байланысының одан әрі жандануына септігін тигізетіндігін атап өтті.

«ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу арқылы біз Қазақстанмен бұдан да тығыз байланыстарды орнатып, екіжақты әріптестікті жаңа деңгейге көтере аламыз деп сенеміз. Естеріңізде болса, Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин де осы көрмеге келіп кеткен. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге олар Қытай павильонында болды. Біз ЭКСПО-2017 көрмесін қолдаймыз», – деп түйіндеді сөзін ол.

Кейін қос мемлекет өкілдері «Нұр Әлем» павильонын тамашалады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз