“Ислам мемлекеті” террорлық ұйымы Египетте жұма күні копт христиандарына жасалған шабуылға жауапкершілікті өзіне алды. Экстремистер 32 адамды өлтіргендері туралы мәлімдеген.
Египет билігінің мәліметі бойынша, шабуыл салдарынан 29 адам мерт болған, жараланған 13 адам ауруханада жатыр.
Билік ақпаратында елдің оңтүстігіндегі Мина провинциясындағы монастрға кетіп бара жатқан копт христиандары мінген автобусқа бет-жүзін жасырған қарулы топтың шабуыл жасағаны айтылған.