Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

ЕАЭО кедергілермен күресіп, өздері де жаңасын енгізуде — сарапшылар

122

«Еуразия әлемі» клубының отырысына қатысушылар ЕАЭО-ны одан әрі дамытуға болады деп мәлімдеді. Бірақ шешімін табатын бірқатар мәселе бар. Олар барлық қатысушы елдерге де, Қазақстанға да қатысты.

Миграция және білім беру

Көші-қон мәселесіне саясаттанушы Ерлан Смайлов назар аударды. Ол 2020 жылғы қаңтар-маусымдағы статистиканы мысалға келтірді. 10 977 адам елден кетсе, олардың 9,5 мыңға жуығы Ресейге қоныс аударды.

— Елден кеткендердің 3 395-інің (40%) жоғары, 2 828-інің орта техникалық (33%) білімі бар. Осы кезеңде Қазақстанға 5 118 адам келді. Оның ішінде 1 010 адамның (17%) жоғары білімі бар. Келгендердің 27%-ы орта арнаулы білім алған, деп атап өтті ол.

Осылайша, «гуманитарлық салада, білім беру саласында және еңбек нарығында неғұрлым терең интеграция жағдайында адами капиталды қызықтырып шақыру» қаупі бар.

Саясаттанушы Ирина Черных «еуразиялық кеңістіктегі білім беру жүйесіне назар аудару керек» деді.

— Жастардың белгілі бір санаты Ресейде білім алу сол елдің  аумағына барып, тұрақты тұруға мүмкіндік ретінде қарастырылады, —деді ол.

Студенттік ұтқырлық посткеңестік кеңістікте айқын көрінеді. Алайда тиімділігі төмен. Әсіресе пандемия жағдайында.

— Студенттердің серіктес университетте оқу курсынан өткеннен кейін қайтып оралуын көздейтін ұтқырлық Еуразиялық білім беру кеңістігі шеңберінде айтарлықтай нашар дамыған.

ЕАЭО университетін құру туралы айтуға бола ма, бұл қаншалықты орынды?

Санкт-Петербургте ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының жанында Университет бар, бірақ оған қатысты мәлімет аз. Сондай-ақ, интернет-платформалармен байланысты ашық университеттердің дамуына қатысты мәселелер бар. Бұл ЕАЭО-ға мүше елдердің халқын жергілікті қоғамдастықтар деңгейінде дамытуға және байланыстыруға болатын қолайлы нұсқалардың бірі, — деді ол.

Сандық Қазақстанның болашағы бар ма?

Саясаттанушы Мәдина Нұрғалиева жаңа интеграциялық бағыт ретінде «адамдарға арналған сервистерді» ұсынды.

— Біздің елімізде  электрондық үкімет, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жүйесі секілді көпшілік  жақсы қабылдап, жоғары бағаландыған сәтті әзірлемелер бар  — деп есептейді ол.

Электрондық үкіметтің даму деңгейі бойынша БҰҰ шолуында Қазақстан 193 мүше елдің арасында 29-орынды иеленді. 2018 жылы біз 39-орында болдық, яғни 2020 жылы 10 позицияға алға шықтық.

— ТМД елдерінің ішінде Қазақстан Ресей, Беларусь, Молдова, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан және Арменияны басып озып, бірінші орында тұр.

Үкіметтің ашық деректер индексі бойынша Қазақстан Азия елдері арасында 1-ші орынға ие болды

Онлайн-қызметтер индексі бойынша біз Азия елдері арасында 3-ші және жалпы әлемдік рейтингте 11-ші орындамыз, Люксембург, Израиль, Бахрейн, Бельгия, Қытай, Италия, Малайзия, Португалия және Румынияны басып оздық. Мысалы,

Алматы жергілікті онлайн-қызметтердің даму деңгейі бойынша әлемнің 100 қаласының арасында 29-шы орында

ЕАЭО кеңістігінде цифрландыру трендін ескерсек, бұл жобалар жанама, бірақ одан әрі монетизацияланған модель ретінде қызмет ете алар еді, — деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, Нұрғалиева сарапшылардың ынтымақтастығын нығайтуды ұсынды. Оның айтуынша тұжырымдар мен ұсыныстар бірден «шешім қабылдайтын адамдардың үстеліне түсуі керек».

— Бұл талқылаулар мен олардың нәтижелері жалғасын табуы керек, —деп түйіндеді сарапшы.

Зерттеулер онсыз да тапшы, алайда оларды қаржыландыру қысқаруда

Саясаттанушы Андрей Чеботарев «нақты экономикалық одақ құрылып, жұмыс істеп тұрғаны сезілмейді» дейді. Дегенмен институционалдық және саяси аспектілерде даму бар.

— Атап айтқанда, онда бірыңғай салықтар мен кедендік алымдар жоқ. Жекелеген қатысушы елдердің ғана емес, бүкіл одақтың әлеуетін көрсететін бірлескен инвестициялық және өзге де экономикалық жобалар жоқ.

Осы уақытқа дейін өзара саудадағы кедергілерді, алып қоюларды және шектеулерді жоюға қарсы күрес жалғасуда

Алайда елдер жаңа кедергілерді енгізуде, — деп атап өтті ол.

Сарапшы

тауарлар мен қызметтердің қозғалысында еркіндік жоқ, пандемия басталғаннан бері жұмыс күшінің қозғалысы да шектеулі

екеніне назар аудары.

Әлеуметтанушы Гүлмира Илеуова интеграция проблемаларының өзекті әлеуметтік өлшемдерінің жоқтығына шағымданды.

— Біздің еліміз  сапалы әлеуметтану  интеграциясына қаншалықты мүдделі? Егер біз гуманитарлық ынтымақтастық туралы айтатын болсақ — интеграция емес, ынтымақтастық туралы зерттеу жүргізу керек. Осыдан кейін ғана сандарға қарап, не туралы сөйлесіп жатқанымызды түсіну керек, — дейді сарапшы.

Илеуова әлеуметтік зерттеулерді қаржыландыру қысқарып жатқанын айтты. Еуразиялық кеңістік бойынша жаңа салыстырмалы деректер жоқ. Нәтижесінде көптеген сұрақтарға жауап таппай отырмыз.

— Біз экономикалық өзара іс-қимылымыздың мәнін әлі түсінген  жоқпыз. Біздің елдеріміз экономикалық тұрғыдан ұзақ уақытқа тұрақтылығын сақтай ма, біз қандай да бір негізде біріге аламыз ба? Осыған байланысты қазіргі экономикалар туралы жаңа өндірістік қатынастар туралы түсінік болуы керек. Барлығын не үшін синхрондау керек екенін түсінеміз бе? — деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз