Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Е, қ****бас!”. Төреғалидың көкелері Асхат Садырбайға қоқан-лоққы көрсеткен (аудиожазбасы)

780

https://kaz.365info.kz/zhagdaj-bylaj-boldy-toregali-toreali-dauly-videoga-khatysty-tysinikteme-berdi-295091

https://www.facebook.com/bibigul.dauletbek/videos/pcb.1783041655101400/1783040705101495/?type=3&theater

Әзірге мен Төрештеріңіздің ұялып, кешірім сұрап тұрған түрін байқамадым. Әлі де “мен, мен” деп өршігіп барады. Халықты итке теңеп, қазақтың шалдары құтырған деп есіріп тұрған әпендіні байқадым. Бұл жігіт өзіне өте көп алады екен. Журналистерді көзіне ілмейді. Егер сол журналистер болмаса, бұны кім танитын еді? Халыққа әнін тыңдатып, эфирден көрсетіп, танымал еткен менің әріптестерім! Семіздікті қой ғана көтереді деген осы. Сахнаға қызара бөртіп шығып, екі қолын сермеп қояр емес, әкесіндей емес, атасындай қарияға: “енек” дегені қай сасқаны?!»,- деп жазады ол.

Әншіні «кешірейік, бала ғой» дегендерге былай деп жауап қатты:

«Кешірейік деп қояды бір кісілер. Жүріңдер сол әрқайсысын кешіріп. Еркелігі ғой, балалығы мен шалалығы дейтіндей бозбала емес. Екі баланың әкесі. Дап-дардай жігіт ағасы. Егер дәл осындай жайт Еуропада, әлде мына тұрған Ресей мен Өзбекстанда болсын, қызанақ, жұмыртқа лақтырып елден қуып шығар еді.

https://kaz.365info.kz/kokip-tyr-toregali-ozinin-maskharasyn-shygargan-videoga-khatysty-zhauap-khatty-video-295044


Қарт кісі айтса, жөнімен айтты. Концертке демалу үшін келді, тойға емес. Той мен концертті бұл әнші шатастырып алған тәрізді. Мүмкін атай соңғы ақшасына билетін сатып алған шығар? Сол атайдың орынына өзіңіздің әкеңізді, әлде атаңызды қойыңызшы. “Шығарып жіберіңдер” деп сүмірейтіп дүйім жұрттың алдында масқара етті. Қарт кісінің қан қысымы көтеріліп, жүрек талмасы ұстаса ше? Ал, бұл болса “шал, шал” деп әлі айылын жимай, мағынасы жоқ, түкке тұрмайтын әнін айтуда»,- дейді журналист.

Осылайша ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында «Төреғалиға тіл тигізбе» деп белгісіз екі ер адамның бір-бірімен сөйлескен әңгімесінің аудиожазбасын жариялады.

Мақала ВК-дағы «Атамның басы-ай» тобында талқылануда

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз