Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

“Директор бүлдіріпті…”. Ақмола облысында бір мұғалім сұмдық жағдайға тап болды

https://kaz.365info.kz/sender-meningitten-koz-zhymgan-dimashtyn-anasy-ashhy-shyndykhty-ajtty-video-319121

Бірақ, 24 жастағы ұстаз сол жерде ойнап жүрген оқушыларының қауіпсіздігін ойлап өзіне қарай шашқан.Қайнап тұрған қара май бетіне, аяқ қолына жабысып қалған. Жан дауысы шыққан жігіт, денені күйдіре жабысқан смоладан құтыла алмай айғайға басқан. Сөйтіп, Бурабай аудандық ауруханасының  жан сақтау бөлімінен бірақ шығыпты.

Жас ұстаздың ата-анасы алдағы Ұлттық тестілеуге оқушыларын әзірлеп жүрген мұғалімді директордың шатыр жөндеуге қалай жібергенін түсінбейді.

Оның үстіне, қазір бастауыш сынып оқушылары сол жердегі ғимаратта жазғы еңбек лагеріне барып жүр.

Ғали Шарафутдинов, зардап шегушінің әкесі:

– Ол қайнаған битумы бар шелекті соңына дейін қолынан шығармаған. Өзін емес, өзгелерді ойлапты. Сонда мектеп басшылығы не ойлаған?. Дала жел, ондай жұмыстарды мамандары істемей ме? Енді міне, баламның денсаулығы не болады? Бетінде ойықтар қалса ше. Жас жігіт қой.

https://kaz.365info.kz/shydaj-almaj-tojda-an-ajtkhan-abdizhappar-alkhozhaga-erkekter-zhabylyp-ketti-video-319332

Кенжетай Бейсенбаева, Зеленобор мектеп-гимназиясының директоры:

– Қатты желде шатыр жабындылары ашылып, жаңбырда төбеден су сорғалады. Ұстаздардан жөндеуге көмектесуін сұрап едім, келісті. Жоғары жақтан түскен тапсырма емес. Менің кінәм бар. Барлық шығынын өтеуге әзірмін.

Қазіргі таңда есін жиған Ринат облыстық ауруханаға ауыстырылды. Дәрігерлер оның беті бері қарағанын айтады. Дегенмен, жабысқан ыстық қара майды күйген терісімен бірге  жұлып алып тастау науқасқа ауыр тиген. Ата-анасы болса, балалары аяғына тік тұрмайынша, мектеп директорына қарсы шағымдану мәселесін қоя тұрмақ.

https://kaz.365info.kz/resejlik-tanymal-anshi-madina-saduakhasovany-eldin-kozinshe-maskharasyn-shygardy-video-319300

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз