Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Димаштың кішкентай жанкүйері желі қолданушыларын сүйсіндірді

2110

Бұл видеоны желіде Димаштан кейін Игорь Крутой да жариялады. Ресейлік композитор баланың ата-анасына оның келешегі туралы ойланып, музыка мектебіне беру керегін, одан жақсы дирижер шығатынын да жазады.

«Димаштың фан-клубы тағы бір жарқын адаммен – Леликпен толықты. Түсінде балмұздақ жеу сынды ерекше қасиеттерінен бөлек, ол Димаш шырқаған жоғары ноталарды қайталауға тырысады. Лелик Димаштың шығармашылығын түсініп, сезіне бастады.

Оның пластикасына қарасақ, ол толықтай музыкалық материалға сай. Ол дирижер болып, профессионалдық тұрғыда Саша Ревзин атасын да жолда қалдыра алады.

Леликтің қолындағы дирижер таяқшасы оның жас кезде атасы Питербург пен Донецкте дауылпазда ойнағанына қарағанда мықтырақ. Біз онымен 1979 жылы таныстық. Атасының одан кейінгі режиссер мансабындағы жетістігі (ал ол жақсы жетістікке жетті) Леликтің бәсекелестігімен таласқа да түсе алмайды.

Лелик өзінің музыка саласындағы мансабын біздің Музыкалық Салонда бастағанын ұмытпасын дегім келеді. Біз оның әуелгі бастауына куә болдық» деп жазады Игорь Кртуой әлеуметтік желіде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз